2 Жиынтық сұраныс жӘне жиынтық ұсыныс:
AD-AS МОДЕЛІ
2.1 Жиынтық сұраныс
Жиынтық сұраныс – бұл тауарлар мен қызметтер көлемі, яғни үй шаруашылықтарының, фирманың, үкіметтің кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын нақты ұлттық өнім көлемі. Демек, сатып алушының сұранысы – өндірілген өнім көлемі мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Жабық экономикада AD–жиынтық сұранысының элементтері:
тұтыну (C);
инвестиция (I);
мемлекеттік шығындар (G).
Жиынтық сұраныстың осы үш элементі ұлттық шоттың келесі теңдеуінде көрсетілген:
(2.1)
Экономикада өндірілген өнімнің бір бөлігі үй шаруашылықтарымен тұтынылады; бір бөлігі фирма мен үй шаруашылықтарымен инвестицияларға қолданылады; енді бір бөлігін үкімет қоғамдық қажеттіліктерге қолдану үшін сатып алады.
Тұтыну (C). Экономикада өндірілген өнімнің көп бөлігі тұтынуға кетеді. Тұтынудың барлық формалары ЖҰӨ-нің 2/3 бөлігін құрайды, мұның өзі тұтыну жайлы шешім қабылдауды экономикадағы біршама маңызды сұрақтардың бірі етеді.
Үй шаруашылықтары еңбектен және капиталға меншіктен табыс алады, үкіметке салық төлеп, содан соң салықты шегергеннен кейін өз табысының қандай бөлігін тұтынуға, ал қай бөлігін жинақтауға қолданатынын шешеді. Үй шаруашылығының алатын табысы экономикада Y-өндірілетін өнімге тең. Кейін үкімет үй шаруашылығынан T көлеміндегі салық алады. Барлық салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының бөлігін, Y-T, қолдағы бар табыс ретінде анықтайық. Адамдар өздерінің қолдағы бар табысын тұтыну мен жинақтауға бөледі.
Тұтыну көлемі қолдағы бар табысқа тура тәуелді деп болжамдайық. Неғұрлым қолдағы бар табыс жоғары болса, соғұрлым тұтыну көлемі жоғары болады. Осылайша, тұтыну функциясы келесі түрде беріледі: Бұл теңдеу мынаны көрсетеді: тұтыну қолдағы бар табыстың функциясы болып табылады. Тұтыну көлемі мен қолдағы бар табыстың арасындағы тәуелділік қарапайым тұтыну функциясы деп аталады.
Сызықтық функцияны ашсақ:
(2.2)
мұндағы,
C0 – автономды тұтыну немесе қолдағы бар табысқа байланысты емес бастапқы тұтыну;
c – бұл MPC – тұтынуға шекті бейімділік.
Тұтынуға шекті бейімділік – бұл қолдағы бар табыстың бір бірлікке жоғарылауы нәтижесіндегі тұтыну көлемінің өзгеретін шамасы. Ол C мен (Y-T) арасындағы байланысты көрсетеді:
(2.3)
Бұл теңдey қолдағы бар табыс бір бірлікке өзгергенде, C қаншаға өзгеретінін немесе қолдағы бар табыс өзгерісінде тұтыну өзгерісінің үлесін білдіреді. Әдетте MPC 0 мен 1 интервалындағы мәндерді қабылдайды.
2.1-суретте тұтыну функциясы көрсетілген. Тұтыну функциясы графигінің көлбеулік бұрышы МРС болып табылады. Ол қолдағы бар табыс бір бірлікке өзгергенде, тұтыну көлемінің қаншаға өзгеретінін көрсетеді.
2.1-сурет. Тұтыну функциясы
Тұтынуға шекті бейімділік түсінігімен қатар жинақтауға шекті бейімділік көрсеткіші бар және ол былай анықталады:
(2.4)
Тұтынуға шекті бейімділік секілді жинақтауға шекті бейімділік көрсеткіші де 0 мен 1-дің арасына қатысты болып келеді.
Тұтынуға және жинақтауға шекті бейімділіктің қосындысы 1-ге тең болуы керек:
(2.5)
Сонымен қатар тұтыну мен жинақтауға орташа бейімділік сияқты көрсеткіштер кездеседі.
Тұтынуға орташа бейімділік (APC) – бұл қолдағы бар табыстың бірлігіне келетін тұтыну көлемінің шамасы, яғни:
(2.6)
Ал жинақтауға орташа бейімділік (APS) – қолдағы бар табыстың бір бірлігіне келетін жинақтау көлемін білдіреді. Ол былай анықталады:
(2.7)
Инвестиция (I). Фирмалар да, үй шаруашылықтары да инвестициялық тауарларды қолданады. Фирмалар инвестициялық тауарларды капитал қорын көбейту үшін және капитал шығарылымының шамасы бойынша бар капиталдың орнын басу үшін сатып алады.
Сұранысқа ие болатын инвестициялық тауарлардың саны пайыз мөлшерлемесінің шамасына тәуелді. Инвестициялық жоба тиімді болуы үшін табыс шығындардан жоғары болуы қажет. Пайыз мөлшерлемесі инвестициялық жобаларды қаржыландыру құнын өлшейтіндіктен, пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауы тиімді инвестициялық жобалардың санын азайтады, яғни инвестициялық тауарларға сұранысты қысқартады.
Экономистер атаулы және нақты пайыз мөлшерлемесін ажыратады. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – бұл инвесторлардың ақша займы үшін төлейтін пайыз мөлшерлемесі. Нақты пайыз мөлшерлемесі – бұл инфляцияның ықпалына түзетілген атаулы пайыз мөлшерлемесі.
r – пайыздың нақты мөлшерлемесі мен I – инвестициялар арасындағы байланыс келесі түрде бейнеленеді: . Бұл теңдеу сұранысқа ие болатын инвестициялық тауарлардың саны пайыздың нақты мөлшерлемесінің шамасына тәуелді екенін көрсетеді. 2.2-суретте инвестициялық функция көрсетілген. Сәйкесінше, пайыз мөлшерлемесі өскен сайын инвестицияларға сұраныс шамасы қысқарады, себебі фирмалар үшін инвестициялар қымбат болып келеді.
2.2-сурет. Инвестициялық функция
Инвестицияның функциясын келесідей көрсетуге болады:
(2.8)
мұндағы,
е – автономды инвестиция (% мөлшерлемесіне байланысты емес);
d – I мен r-ң арасындағы байланысты көрсетеді, ол инвестицияға сұраныстың икемделігі.
Ал инвестицияға сұраныстың нүктелік икемділігі былай анықталады:
(2.9)
Бұл теңдеу пайыз мөлшерлемесі бір бірлікке өзгергенде, инвестицияның қанша бірлікке өзгеретінін көрсетеді.
Мемлекеттік шығындар (G) қызмет көрсету мен тауарларға, яғни жиынтық сұраныстың үшінші компоненті болып табылады. Республикалық үкімет пен жергілікті органдардың түрлі шығындары мемлекеттік шығындардың бір түрі болып саналады. Басқа бір түрі қарт адамдарға әлеуметтік сақтандыру және кедейлерге әлеуметтік қамсыздандыру төлемдері ретіндегі үй шаруашылықтарына трансферттік төлемдерді қосады.
Біз жиынтық сұранысты ақшаның сандық теориясының негізінде де қарапайым теңдеу арқылы құра аламыз:
MV = PY (2.10)
мұндағы,
М – ақша ұсынысы;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – баға деңгейі;
Y – өндірілген өнім және көрсетілген қызмет саны.
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді:
Достарыңызбен бөлісу: |