« ізденістің ең қызықтысы ұлы адамдардың ойына ілесу» А. С. Пушкин Тәрбие туралы ойлардың қалыптасуы


Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері



бет16/19
Дата15.04.2023
өлшемі299,52 Kb.
#82776
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Педагогика ғылымының даму тарихы Презентация

Н.К.Крупская (1869 – 1939жж.)

Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері:

  • Н.К.Крупскаяның педагогикалық нақыл сөздері:
  • Мұғалім ең алдымен өзі оқытатын пәнді білуге, ал одан соң оны жеткізе алатын болуға тиіс. Білімдерді оқушыларды қызықтыру үшін қажет жағынан бастап, түсінікті формада айтып жеткізу, ең басты мәселеге тоқтала білу, ең мәнді нәрсені екінші қатардағы мәселеден ажырата білу, осының бәрін нақты, мысалдар келтіре отырып, айтып беру- зор өнер... Бұл өте – үлкен өнер, мұның өзі жұрт ойлайтындай оншалық оңай емес.
  • Балаларды құрметтеу – олардың айтқанына көніп, айдағанына жүру деген сөз емес. Балалар өзінің тәрбиелік талаптарын бекем іске асырып отыратын педагогты құрметтейді.
  • Шама келмейтін тапсырмалар тек қана бұзады, өзінің міндеттеріне адалдықпен қарамауға үйретеді.
  • Кітап - еңбек құралы. Бірақ тек еңбектің ғана құралы емес. Ол адамдарды басқа адамдардың өмірімен және күресімен таныстырады, олардың сезімдерін, олардың талап-талпыныстарын түсінуге мүмкіндік береді, ол айналадағыны салыстыруға, байыбына баруға және оны қайта өзгертуге мүмкіндік береді.
  • Балалар кітабы – тәрбиенің қуатты құралы. Білім алуға арналған құралдардың бірі, бірақ өте мәндісі – кітапты пайдалана білу шеберлігі.
  • Ұйымдастыратын да, қожырататын да кітаптар бар,сондықтан кітаптарды таңдай білу төтенше маңызды.
  • Көп әрі іштей тез оқу әдетін меңгеру қажет. Оқу механизмі мүлде автоматтанып, ой бөлінбейтіндей болуына күш салу қажет. Бірақ мұның өзі аз. Оқығаныңнан тағы да өзіңе есеп беріп отыруың қажет. Аз болса да, дәйекті оқыған абзал.
  • Кітапхана көптеген ғасырлар бойғы адам тәжірибесі көрінетін кітаптарға толы. Маманға өзінің белгілі бір білімдер саласын зерттеу қажет. Бірақ қатардағы адамға осынау ұланғайыр білім теңізінен өмірге қажет, оған өзінің жеке өмірін, жеке еңбегін ұйымдастыруға, өзінің басқа адамдармен қарым қатынасын ұйымдастыруға көмектесетін білімдерді алу керек. Сондықтан осы білімдерден нені алуды, білім үшін, оның мақсаттары үшін күресуші адамға нені білуі керегін білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет