Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет16/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

АГРА

АГРА


13

байланысты  сөйлеудің  бұзылуынан 

көрінуі  мүмкін.  А.  ми  сырқатына 

байланысты  сөйлеудің  түрлі  бұзы- 

лулары  салдарынан  пайда  болатын 

жазу қабілетінен айырылуы деп те ай- 

тады. А. жазу қабілетінен толық айы- 

рылу немесе сөздерді тұрпайы түрде 

бұрмалау, буындар мен әріптерді тас- 

тап кету, әріптер мен буындарды сөз- 

ге біріктіре алмауда көрініс табады.

АГРЕССИВТІЛІК  –  қастандылық, 

өшпенділік. Жеке адамның басқалар- 

ға  және  қоршаған  әлемге  шабуыл, 

қастандық жасау тенденциясын көр- 

сететін  қасиеті  немесе  мінезінің  бі- 

тісі. А. – адамның басқа адамдарға, жа- 

нуарларға және қоршаған өмірге қа- 

тынасында  өшпенділік  жағдайында 

көрінетін мінездің ерекшеліктері. А. 

әрекеттер моральдық және құқықтық 

сипаттармен түсіндірілмейтін, ешқан- 

дай объективті себептерсіз туындай- 

тын өшпенділік, көбінесе, өзін қорғау 

немесе басқа адамдарды қорғауда кө- 

рінетін сипат.

АГРЕССИЯ  (лат.  aggressio  –  қаз. 

шабуыл жасау– әлеуметтегі адамдар- 

дың арақатынас тәртібінің талаптары- 

на қарама-қайшылықты себептенген 

деструктивтік қылық. А. объектілерге 

зиян келтіреді немесе психологиялық 

қолайсыздықтар (қайғыру, қорқыныш, 

басымдық, басқаның пікірін күшпен 

басып  тастау  т.с.с)  туғызады.  А. 

бірнеше түрге бөлінеді:

1) басқаларға күш көрсететін;

2) вербалдық А. – айқай, шу, қорқы- 

ту,  табалау,  ұрысу  сияқты  вербалды 

реакцияның  мазмұны  арқылы  жа- 

ғымсыз сезімдермен танытатын; нега- 

тивті  сезімдерді  вербалды  реакция- 

лардың түрлері (ұрыс-керіс, шыңғыру) 

арқылы да, сондай-ақ мазмұны арқы- 

лы  да  (қорқыту,  қарғау,  балағаттау) 

шығару;

3) тікелей А. – нақты объектіге неме- 

се біреуге бағытталған; жанама А. – 

басқа адамға жанама жолмен бағыт- 

талған.  А.  (жаман  өсектер,  қалжың- 

дар және т.с.с.);

4) А. сондай-ақ бағытсыз, ретсіз жү- 

зеге асатын әрекеттер – айқай, аяқпен 

топырлау, үстелді жұдырықпен соғу 

және т.б. түрінде көрінетін ашу;

5) инструменталды А. – қандай да бір 

мақсатқа жетуге құрал ретінде көрі- 

ніс береді;

6) аутоагрессия – өзін-өзі кінәлау, өзін- 

өзі қорлау, өз денесіне физикалық қия- 

нат жасау, өзін кемсіту, тәнін зақымдау, 

кейбірде  өзін  өлтіруге  дейін  баруы- 

нан көрінеді;

7)  қастандық  (қастық)  А.  –  біреуге 

әдейі зиян келтіру немесе объектіні за- 

қымдау мақсатымен жасалады;

8) альтруистік А. – басқалардың ша- 

буылынан  қорғау  мақсатымен  си- 

патталады.

А. – адамдар қауымдастығында бір- 

лесіп өмір сүру нормалары мен ере- 

желеріне  қарама-қайшы  келетін,  өзі 

бағытталған өлі немесе тірі объектіге 

нұқсан келтіретін, біршама мақсатты 

түрде жүзеге асатын деструктивті мі- 

нез-құлық. Әдетте А. салдарынан ті- 

рі объектілерде қорқыныш, үрей, қы- 

сылу  туады.  А.  жаман  қалжыңдар, 

өсек, тіптен кісі өлтіру, өзін-өзі өлті- 

руге дейін және т.б. баратын қиялда- 

ғы  қастық  ойдан  шығарылған  түрлі 

қиянатты әрекеттер. А. әрекеттер қан- 

дай да бір мақсатқа жету тәсілі (ин- 

струменталдық А.), психикалық кер- 

неуді  босату  амалы,  сана  астында 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет