Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет18/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   877
АДАЛДЫҚ  ПЕН  АРАМДЫҚ  – 

адамгершілік  құлық  талаптары  тұр- 

ғысынан бір-біріне қарама-қарсы мо- 

ральдық  ұғымдар.  Адалдық  –  адам- 

гершіліктің аса маңызды талаптары- 

ның бірін бейнелейтін моральдық қа- 

сиет. Ол шыншылдық, әділдік, прин- 

циптілік, алған міндеттемелерінен жал- 

ған сөйлеп, жалтармаушылық, уәдесін- 

АГРЕ

АДАЛ



15

де тұрушылық сияқты қасиеттерді қам- 

тиды.

А. адам мінезіндегі таза ниет, бағалы 



да ізгі қасиет. Адамның сана-сезімі- 

не,  ар-ұжданына  қайшы  келмейтін, 

адами мақсат-мүддені көздейтін, та- 

рихи шындықпен, прогреспен ұштасып 

жататын  іс-әрекеттер.  Әрбір  қоғам- 

ның  адалдығы  жайында  өзіндік  па- 

йым-түсінігі бар. Қазақ халқы әрқашан 

да адамгершілік пен адалдық қасиет- 

терін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады.

«Алдау  қоспай  адал  еңбегін  сатқан 

қолы өнерлі – қазақтың әулиесі сол», – 

дейді  кемеңгер  Абай.  А.  –  адамның 

жеке басы мен моральдық тұлғасын 

сипаттайтын қасиет. А. туғаннан пай- 

да болмайды. Ол қоғамның дамуына 

сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбие- 

сіне, оқып білім алуы мен адал еңбек- 

тену  процесінде  қалыптасып  оты- 

ратын ізгі қасиет. А. – жеке тұлғалар 

мен адамдардың абырой-атағын арт- 

тыратын ізгі қасиет, адам мінезіндегі 

аса ұнамды сапа. Адал – араб тілін- 

де «рұқсат етілген», «таза» деген ма- 

ғына беретін, білімімізге шариғат қа- 

ғидалары  арқылы  енген  сөз.  Арам- 

дық – моральдық қасиеттің адалдық- 

қа қарама-қарсы кесапатты түрі. Оған 

алдау-арбау, суайттық, жымысқылық, 

ұрлық, опасыздық, екіжүзділік сияқ- 

ты жаман қылықтар жатады. Халық 

арамдық бар жерде – сатқындық; әді- 

летсіздік бар жерде – жәбір; жалған- 

дық  бар  жерде  –  қиянат  болатынын 

өмір тәжірибесінен анықтаған.

Мұсылман халықтарында «адал, арам» 

ұғымдарына  өте  зор  мән  беріледі. 

Алғашқысы «жақсы адам» дегенді біл- 

дірсе, соңғысы «жаман, оңбаған адам» 

дегенді  ұқтырады.  Адал  –  ешкімнің 

ақысын  жеп,  ала  жібін  аттамай,  өз 

еңбегімен  дүние  жинап,  күн  көріп 

жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қия- 

нат  қылмайтын  жан;  арам  –  дүние-

малы еңбексіз; ұрлық-қарлық, қулық-

сұмдық,  алдау-арбаудан  жиналған, 

сонымен күн көріп жатқан екіжүзді, 

обал-сауаппен санаспайтын, жымыс- 

қы адам.

Адамдар  саналы  түрде  бірге  өмір 

сүргенде, өздері орындайтын, басшы- 

лыққа алатын талаптар жасап, олар- 

ды әрі қарай да жетілдіріп, толықты- 

рып отырды. Соның нәтижесінде адам- 

дар өздерінің іс-қимылына, жеп-ішу- 

еріне, әдет-қылықтарына қатысты қо- 

йылатын талаптарды, олардың шека- 

расын  анықтаған.  Сондықтан  олар 

жеке басының қалауымен өмір сүріп, 

ойына келгенін істей алмаған. Өздері 

мойындаған, өмірде сынақтан өткізіп, 

пысықтаған, қоғамға сыйымдылығын 

қамтамасыз ететін шарттар аумағын- 

да әрекет жасаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет