Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет17/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   877
АГРЕ

АГРЕ


14

тұншыққан  қажеттілікті  қанағаттан- 

дыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру жә- 

не өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс 

табады.

АГРЕССИВТІК  МІНЕз-ҚҰЛЫҚ 

(лат. aggressio – қаз. шабуыл жасау– 

адам  әрекетінің  ерекше  формасы, 

мұндай мінез-құлық субъекттің нұқ- 

сан келтіру мақсатымен өзінен басқа 

адамға  немесе  адамдар  тобына  өз 

артықшылығын білдіріп, қыр көрсе- 

туі немесе күш қолдануға тырысуы- 

мен  сипатталады.  А.м-қ.  қарқынды- 

лығы  мен  пайда  болу  дәрежесі  бо- 

йынша: жеккөрушілік, жақтырмаушы- 

лықтан  –  тіл  тигізуге  («вербалдық 

агрессия»)  және  дөрекі  түрде  күш 

қолдануға («физикалық агрессия») де- 

йін түрленеді. Әлеуметтік-психология- 

лық  тұрғыдан  келгенде:  жекелеген 

адамдардың агрессивті мінез-құлық- 

тары  жиынтығының,  бұқаралық  си- 

паттағы құбылыс ұғымының шеңбе- 

ріндегі  тұлғааралық  агрессияның  – 

топтық агрессияға айналуының мәні 

бар.  Шетелдік  психологияда  агрес- 

сивті  мінез-құлықтың  пайда  болуы- 

ның, себеп-салдарларының сан алуан 

түсіндірмелері кездеседі. А.м-қ. нақ- 

ты көріністерін түсіну үшін тұлғалық 

және ұжымдық әрекеттің жалпы құры- 

лымындағы оның орнын айқындап ал- 

ған жөн. Мыс., агрессивтік акт субъект- 

тің  қорғаныстық  жауабына  ұқсама- 

уына, аффекттің салдары еместігіне 

немесе  А.м-қ.  өзіндік  мақсат-мүдде 

мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық 

және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқы- 

ған, теріс мінез-құлық) көшуіне және 

т.б. баса назар аудару қажеттігі.



АҒЫНАН ЖАРЫЛУ – адамның іш- 

кі сырын бүкпесіз білдіріп, болмыс- 

тың  шындығын  жасырмай  ақтарып 

салатын  мінездегі  ұнамды  қасиет. 



А.ж.  мінезіндегі  ақжарқын  жайда- 

рылықты, адал ниет пен ақпейілді, та- 

за ой мен әділдікті білдіретін ұнам- 

ды сипаттар. Мінезі ақжарқын адам 

өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, ба- 

сынан  кешірген  оқиғаларын,  көңіл 

күйін  жасырмай  ашық-жарқын  біл- 

діреді.  Маңындағы  адамдарды  да 

өзіндей  деп  санап,  оларға  ақпейіл- 

дікпен сенеді. Ақкөңіл адал адамның 

мінез-құлқын  қастерлеп,  халқымыз 

«Ақкөңіл адамның аты арымас, тоны 

тозбас» деген мәтелмен тұжырымдап 

түсіндірген.  Ағынан  жарылып  сөй- 

лейтін  ашық  мінезді  жайдары  адам 

айналасындағыларға  ақниетімен  қа- 

райды. Оларға ақпейілі мен көңілшек- 

тігін  танытады.  Ақниетті  адамның 

жанашыр дос-жарандары да көп бо- 

лады.  Оны  үнемі  құрметтеп,  өзара 

сыйласымды қатынас жасайды. Халық 

таза ойлы да, әділ де адал адамды дос 

санап, оның турашылдығы мен шын- 

шылдығына  қолдау  көрсетіп,  оны 

өзгелерге үлгі-өнеге етеді. А.ж., кіші- 

пейілділік  көрсету  –  адамның  жеке 

басы мен бойындағы ұнамды да жа- 

ғымды  қасиеттері.  Ондай  қасиеттер 

адамның  кісілік  беделін  арттырып, 

халық  арасындағы  құрметке  ие  бо- 

луына жетелейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет