ВЕБЕР-ФЕХНЕР зАҢЫ – түйсіну
күшінің (Е) тітіркендіргіштің физи-
калық қарқындылығына (Р) лога-
рифмдік тәуелділігі: Е = к log Р + С, (S=К
lgi + С) мұндағы к мен с осы сенсор-
лық жүйемен анықталатын қайсыбір
тұрақтылар. Бұл тәуелділікті Вебер
заңының және түйсінулерінің әрең
байқалатын айырмашылықтарының
субъективтік теңдігі туралы қосым-
ша ұйғарымның негізінде неміс пси-
хологі және физиологі Г.-Т.Фехнер
тұжырымдады. Эмпириялық зерт-
теулер мұндай тәуелділікті тітіркен-
діргіштің қабылданатын мәндерінің
диапазонының ортаңғы телімі үшін
ғана қуаттайды. Вебер-Фехнер заңы-
на, әдетте, бұл тәуелділік логарифм-
дік сипатта емес, дәрежелік сипатта
болады дейтін Стивенс заңы қарама-
қарсы қойылады. Вебер-Фехнер заңы
бойынша тітіркендіргіштердің күші
геометриялық прогрессия жолымен
көбейсе, одан туындайтын түйсіктер,
арифметикалық жолмен өсіп отыра-
ды. Мұны Е=i/Р мұнда Е – сезгіштік,
i – тітіркендіргіштер күші, Р – ті-
тіркендіргіштер табалдырығының
өлшемі. S=к log і + С мұндағы S –
түйсіктің жиілігі, К -тітіркендіргіш
күші, к, С – тұрақтылар (константалар).
Бұл екі формуланы Ю.М.Забродин
ортақ мәнге келтірген.
Достарыңызбен бөлісу: |