ГЕШТАЛЬТПСИХОЛОГИЯ (нем.
gestalt – пішін, тұтастық) – шетел-
дік психологияның сенсуалистік ба-
ғыты, 1912 ж. Германияда пайда
болған. Г-ның ізашары X. Фон Эрен-
фельс (1859-1932) болып табылады.
XX ғасырдың бірінші жартысында
көптеген Еуропа елдерінде жүргізі-
ліп жатқан психологиялық зерттеу-
лерге ерекше әсер етті, оның ішінде
біздің елімізде (соғысқа дейінгі жыл-
дарда) кеңінен тарады. Г. физика мен
математиканың ерекше ықпалында
болды. Бұл бағыттың көрнекті өкіл-
дерінің ішінде М. Вертгеймердің, В.
Келердің, К. Левиннің және т.б. есім-
дерін атауға болады.
Г. өкілдерін интроспективтік пси-
хологияға тән психикалық құбы-
лыстарды талдауға және зерттеуге
жеңілдетілген атомистік тұрғыдан
қарау негізінен қанағаттандырмады.
Бұл интроспективтік психология
барлық күрделі құбылыстарды қа-
рапайым құбылыстарға бөлді, олар-
дың тіркесінен күрделі тұтастық
заңын қалыптастыруға ұмтылды.
Гештальтпсихологтар психикалық
Достарыңызбен бөлісу: |