ГУМАНИСТІК ПСИХОЛОГИЯ –
XX ғасырдың 60 ж. батыста пайда
болған және психологияның негізгі
пәні жоғары көріністерінде, құнды-
лықтары мен мағыналарында қарас-
тырылатын адам болуы қажет деп
есептейтін психология бағыттары-
ның бірі. Г.п. көрнекті өкілдері –
А.Маслоу, К.Роджерс, Г.Олпорт. Г.п.
мынадай негізгі қағидаларын бөліп
көрсетуге болады: адам өзінің бір-
тұтастылығымен зерттелінуі қажет;
әрбір адам қайталанбас тұлға; адам
дүниеге ашық болып келеді, адам-
ның дүниені және өзін-өзі дүниеде
сезінуі басты психологиялық ақиқат
болып табылады; адам өмірі тұлға
болмысы қалыптасуының бірыңғай
процесі ретінде қарастырылуы қа-
жет; адамның бойында оның таби-
ғатының бөлшегі болып табылатын
үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі
танытуға деген күш-қуаты болады;
өзінің шешімдері мен әрекеттерінде
басшылыққа алатын мағыналар мен
құндылықтардың негізінде адамның
сыртқы түрткі күштерден белгілі бір
тәуелсіздік дәрежесі болады; адам –
ол интенциялы, белсенді, жігерлі,
шығармашылық жан. Г.п. өкілдерінің
тұжырымдарының көбі орынды бол-
ғанымен, соңғы тұжырымдарында
олар тұлғаның әлеуметтік ортадан
тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде
болған. Бұл адам психикасының мә-
дени-тарихи шарттылығы идеясына
қайшы келді. Г.п. психология ғылы-
мының саласы, адамды жоғары рух-
ты, алдына өзін жетілдіру мақсатын
қойып, соған жетуге ұмтылыс жасай-
тын тірі жан ретінде қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |