149
сысында да ерекше маңызды орын
алады. Д-ның арқасында біздің са-
намыз қызметтің түпкілікті, шешу-
ші кезеңдеріне жұмылдырылып та-
бысты болуын қамтамасыз етеді.
Д-лар сенсорлық (тікелей қабылдау)
және интеллектілік дағдылар болып
бөлінеді. Д. – көп рет қайталаулар
арқылы автономды орындалуға бе-
йімделген іс-әрекет.
Д. – бірнеше рет қайталаулардың нә-
тижесінде пайда болған және оның
саналы қадағалауының қысқартылуы-
мен сипатталатын жеке әрекеттер –
операцияларды орындаудың тапта-
урын тәсілі. Д. бірнеше түрлері бар:
перцептивті, интеллектуалдық, қоз-
ғалыс және мінез-құлық дағдылары.
Перцептивті Д. – жақсы таныс зат-
тардың тану белгілерінің бірмезгіл-
дік, таптаурын бейнелеуі. Интел-
лектуалдық Д. – белгілі бір сыныпқа
кіретін есептер мен тапсырмалар-
ды шешудің таптаурын тәсілдері.
Қозғалыстық Д. – таптаурын әрекет-
тер, жақсы қойылған қимыл-қоз-
ғалыстардың жүйесі. Қозғалыс дағ-
дыларына әрекеттің әдетті құралда-
рын таптаурын түрде пайдалану да
кіреді. Д. әртүрлі дәрежедегі жалпы-
лаумен – олардың әртүрлі жағдаят-
тарды қамтумен, икемділікпен, тез
жүзеге асырылуға даярлықпен си-
патталады.
Д. деңгейіндегі әрекеттер оның кей-
бір реттеу компоненттерінің көрін-
беуімен (болмауымен) ерекшеленеді.
Осылайша, мыс., жазу дағдысында
оны қалай орындау жөнінде ойлау-
дың қажеттілігі болмайды. Сондық-
тан көптеген үйреншікті әрекеттер
адаммен автоматизацияланады да,
адамның саналы іс-әрекетіне күш тү-
сірмейді. Ал оны басқа едәуір күрделі
міндеттерді орындауға бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: