151
адамның бәрі бірдей данышпан бола
бермейді. Психологияда Д. деп өте
сирек кездесетін қабілеттердің ең
жоғарғы дамыған түрін атайды. Д.
адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің
ең жоғарғы дәрежеге көтерілуі. Д.
қасиет адамның жалпы және арнау-
лы қабілеттерінің жинақталып ерек-
ше нәтижелерге қол жеткізуі.
Д. – өмірдің шындығын, яғни оның
себебі мен салдарының үйлесімділі-
гін тану. Адамның нақты жағдайын,
орны мен рөлін анықтап, оны сала-
уатты өмір сүруге жеткізетін іскер-
лікті, білімпаздықты және жақсы-
лықты дәлірек түсіну; ақиқат пен
әділеттікті адамның мұрат-мүддесі-
не қолдануды бетке ұстау, адам қыз-
метін сын көзінен, қажет биігінен
өткізу арқылы оның ой-сезіміне, әре-
кетке деген іштей дайындығына, адам-
гершілік мұратына лайықты мағы-
на табу; ыстық қайратты, нұрлы ақыл-
ды, ыстық жүректі бойда сақтау, қа-
телеспей сөйлеу және керектіні ғана
істеу – адамгершілік пен имандылық-
тың таласы; осы мінез-қабілеттерге
жеткізетін әр-түрлі жағдайды байып-
пен айналдыру, яғни даралық тұ-
тастығын сақтау. Д. – өмірді, бола-
шақты ойлай біліп, ақылдылықпен
айтылған сөз; аса білгірлікпен жасал-
ған іс-әрекет, көрегендік пен көсем-
діктің көрінісі.
Достарыңызбен бөлісу: