Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет216/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   877
ДАРАЛЫҚ  ПСИХОЛОГИЯСЫ  – 

адамдардың даралық психологиялық 

және қылықтық айырмашылықтарын 

сипаттайтын, түсіндіретін және зерт-

тейтін психология ғылымының сала-

сы. Д.п. фрейдизмнен тармақталған, 

А.Адлер  талдап-белгілеген  психо- 

анализ бағыттарының бірі. Д.п. тұл- 

ғаның құрылымы ерекше «өмір сти- 

лі» бес жасқа дейінгі бала кезден не- 

гізі  қаланады  дегенді  негізге  алады. 

Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл 

дамуын анықтайды. Өзінің дене мү- 

шелері  жете  дамымағандығы  себеп- 

ті балада кемсіну сезімі болады, оның 

оны  ескеріп,  өзін-өзі  көрсету  әреке- 

тінде мақсат қалыптасады.

Бұл  мақсат  шынайы  болса,  тұлға 

дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, 

неврозды, әлеуметтікке қарсы болып 

қалыптасады. Ерте жаста туа біткен 

әлеуметтік сезім мен толыспағандық 

сезімі арасында қақтығыс пайда бо- 

лып, өтем және астамдық өтем меха-

низмдерін  іске  қосады.  Осыдан  ба- 

рып жеке билік жүргізуге, басқалар- 

дан үстем болуға тырысушылық, мі-

нез-құлықтың  әлеуметтік  құндылық 

нормаларынан  ауытқушылық  туын-

дайды.


Психотерапияның  міндеті  –  нев- 

роздық субъекттің өз мақсаттары мен 

түрткілерінің болмысқа сай емес еке- 

нін  ұғынуына  көмектесу,  өзінің  то- 

лыспағандығының есесін өтеуге ты- 

рысуы  шығармашылыққа  бағытта- 

луына  бағдарлау.  Д.п.  идеялары 

көптеген  елдерде  тұлға  психология- 

сында ғана емес, әлеуметтік психоло- 

гияда да тарап, топтық терапия әдіс- 

терінде пайдаланылды. Д.п. неофрей-

дизмді  жақтаушыларға  ықпал  етті. 

Д.п.-ның  әдістемелік  шектеулігі,  ең 

алдымен,  психикалық  дамудың  күн 

ілгері  мәлімдігі  туралы  тұжырым- 

даманы  қорғайды;  бұл  даму  телео- 

логиялық  тұрғыда  әу  бастан  терең 

негізделген мақсаттарды жүзеге асы-

ратын даму деп ұғынылады. Даралық, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет