Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет221/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   877
ДӘМС

ДӘСТ


155

ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, 

дамып келді. Оның озық үлгілері ұр- 

пақтан-ұрпаққа көшіп, қазіргі заман- 

ға жетті. В.Г.Белинский салт-дәстүр- 

дің өміршеңдігі жөнінде: «әдет-ғұрып 

заманауи бойында сыннан өтеді, олар 

ата-бабадан әулетке мұра болып ауы-

сып,  рудан-руға,  ұрпақтан-ұрпаққа 

жетеді, бұлар халықтың ішкі-сыртқы 

бейнесі болып табылады. Онсыз ха- 

лық  бет  әлпетсіз  бейне,  болымсыз 

тас  мүсін  тәрізді...»  –  дейді.  Әр  ха- 

лықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-

ғұрпы  болады.  Олар  сол  халықтың 

ерекше  белгісі  болып,  өзіндік  пси- 

хологиясының негізгі көрсеткіші бо-

лып есептеледі.

Дәстүр  халықтардың  тіршілік  кәсі- 

біне,  наным-сеніміне,  өмірге  деген 

көзқарасына байланысты туып, нақ- 

ты  жағдайларға  орай  өзгеріске  тү- 

седі,  оның  тұрмыс  салтынан  негізгі 

айырмашылығы – оның тұрақтылығы 

мен баяу өзгеретіндігі. Мәселен, қазақ 

халқы  жаугершілік  заманда  қой  со- 

йып, оның қанына найзасын малып, 

бір-бірімен анттасқан. Мұны бұзған- 

ды ант атсын деп серттескен. Бертін 

келе  қоғамның  дамуының  жаңа  бе-

лесінде  анттасу  салты  жойылғаны 

белгілі.


Дәстүр  сабақтастығы  ұлттар  ара- 

сындағы  қарым-қатынаспен  тығыз 

байланысты.  Әртүрлі  ұлт  пен  ұлыс- 

тарда  қайталанбайтын  таза  ұлттық 

дәстүр сирек кездеседі. Мәселен, қа- 

зақтардың  ұлттық  ою-өрнек,  жиһаз, 

тағам,  ойын-сауық  дәстүрлері  басқа 

халықтарда өзінше орын алады. Мә- 

селен, қазақтың көкпар тарту ойыны 

кейбір өзгешелігімен өзбек, түрікмен, 

қырғыз,  монғол,  ауған  елдерінде  де 

кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халық- 

тардың  бәріне  ортақ.  Алайда  оның 

құрылысында,  ою-өрнек  әшекейін- 

де,  әр  ұлтқа  тән  ерекше  белгілері 

байқалады. Палау, манты, сорпа, тұш- 

пара  көпшілік  ұлттарға  ортақ  тағам 

болғанымен,  әр  ұлт  өзіндік  тағам 

дайындау технологиясымен ерекше-

ленеді.


Ұлттық  болмыс-бітім  адам  мінезі- 

нен, іс-әрекетінен ерекшелене көріне- 

тін  құбылыс.  Ұлттық  мінез-құлық 

сол ұлтқа тән психологиялық өзіндік 

сапамен  ерекшеленіп,  көзге  түседі. 

Мәселен,  қазақтарда  бауырмалдық, 

ақжарқындық,  қонақжайлылық  мі-

нез-құлық  болса,  өзбектерде  май-

да,  сыпайы  мінезділік,  тілі  тәтті, 

үйірсектік орын алса, орыс халқына 

тән  еңбекқорлық  пен  төзімділік, 

қоғамдағы түрлі өзгерістерге тез бе- 

йімделгіштік т.б., американдықтарға 

тән  құнттылық,  ағылшындардың 

салқынқандылығы  мен  немістердің 

ұқыптылығы, испандықтардың қызу-  

қандылық  ерекшеліктер  байқалады. 

Бұдан  осындай  қасиеттер  басқа  ха- 

лықтарда  кездеспейді  деген  ұғым 

тумайды.


Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлт- 

тардың  өзара  достық  байланысы 

ұлттық  психиканың  құрылымына 

игі әсерін беріп, бірнеше ұлтқа ортақ 

ізгі, өнегелі салт-дәстүрлердің пайда 

болуына  әсерін  тигізеді.  Мәселен, 

еліміздегі көптеген этностардың қа- 

зақстандық  халық  болып  аталуы  – 

осы айтылғандардың жақсы дәлелі.

Қазақ  халқының  бала  тәрбиесіне 

байланысты  дәстүрлері  үш  үлкен 

топқа  бөлінеді.  Оның  біріншісі:  нә- 

рестенің дүниеге келген күнінен бері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет