Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет220/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   877
ДӘМ  СЕзУ  АДАПТАЦИЯСЫ 

(ТҮЙСІКТЕРІ).  Дәм  сезу  түйсігі 

иіс сезу сияқты заттардың химиялық 

қасиеттеріне  байланысты  туындай- 

ды.  Дәм  түйсігінің  негізгі  төрт  түрі 

бар. Олар – тұзды, қышқылды, тәтті 

және ащыны сезу. Дәм сезуге, әдет- 

те, иіс түйсіктері, кейде жанасуы, жы- 

лы,  салқын  және  ауырсыну  түйсік- 

тері  қосылады.  Дәм,  иіс  түйсіктері 

бірімен-бірі араласып жатқандықтан 

адам көп жағдайда дәмді дұрыс айы- 

ра  алмайды.  Тұмауратқан  адамның 

дәм айыруы бәсең болады. Тәттіні – 

тілдің  ұшы,  ащыны  –  тілдің  түбі, 

қышқылды – тілдің екі жақ шеті, тұз- 

ды – тілдің ортасы айырады. Егер кі- 

сі  қай  нәрсені  болмасын,  тілдің  ор- 

тасына  салса,  ол  көпке  дейін  оның 

дәмін  ажырата  алмайды.  Жас  бала- 

да дәм түйсігі ерте дамиды. Дәм түй- 

сіктері  адам  психологиясына  түрлі- 

ше әсер етеді. Тәбет – дәм жүйкесін 

қоздыратын  психикалық  акт.  Асты 

көңіл қойып, сүйсіне ішу адамға жа- 

ғымды  әсер  етеді.  Дәм  түйсігі  нақ- 

ты  іс-әрекетке  орай  дамып  отыра- 

ды.  Мәселен,  тамақ  кәсібінде  істей- 

тіндердің  (дегустатор)  дәм  түйсігі 

ерекше  жетіледі.  Дәм  сезуде  кон-

траст  құбылысы  да  орын  табады. 

Мәселен, қант ерітіндісінің тәтті дә- 

мін  түйсіну  тұздың  аз  мөлшерінің 

қосындысынан  күшейеді.  Дәм  сезу 

түйсіктері вегетативтік жүйке жүйе- 

сі  арқылы  эмоциялық  көңіл  күйге 

әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты 

басқа  рецепторлық  жүйелердің  та- 

балдырықтарына, мәселен, ол көз бен 

естудің  өткірлігіне,  тері  сезгіштігі 

мен проприоцепторларға әсер етеді.



ДӘСТҮР  –  тарихи  тұрғыда  қалып- 

тасқан  және  ұрпақтан-ұрпаққа  бері- 

ліп  отыратын  біршама  жүйеге  түс- 

кен мінез-құлық нысандары, ол бел-

гілі әдет-ғұрып, ереже, құндылықтар 

жиынтығы.  Д.  адамдардың  өмірлік 

әрекетін  реттеудің  маңызды  факто- 

ры,  ұлттық  тәрбие  негізі  болып  та-

былады. Ұлттық салт пен дәстүрдің 

тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуы- 

на байланысты. Қазіргі зерттеушілер 

қазақ  ұлтының  алғаш  пайда  болуы 

ХІV-ХV ғасырлардан басталады деп 

жүр.  Олай  болса,  сол  дәуірден  бер- 

мен  қарай  қазақтың  көптеген  әдет-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет