Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет222/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   877
ДӘСТ

ДӘСТ


156

жүргізілетін тәлімдік дәстүрлер (шіл-

дехана,  ат  қою,  қырқынан  шығару, 

бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, 

сүндетке отырғызу т.б.), қыз бен ұлды 

келешекте  жанұя  құруға,  шаруашы- 

лық  пен  еңбекке  бейімдеуге  арнал- 

ған жөн-жосықтар;

Екіншісі  –  қазақтың  киіз  үйі,  оның 

жиһаздары,  ұлттық  киімдер  мен  та- 

ғамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, 

т.б. кәсіптерге баулудың тәлімгерлік 

түрлері кіреді.

Оның  үшінші  тобына  адамдардың 

туыстық қарым-қатынасы, шешендік 

сөз өнері, ұлттық музыка аспаптары, 

жар таңдау, отау тігу, қонақ күту, олар- 

ға сый-сияпат жасау, айтыс, көкпар, 

қыз ұзату, өлік жөнелту т.б. жатады.

Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұ- 

рагерлерін  тәрбиелеу  мемлекеттік 

маңызы  зор,  аса  жауапты  іс.  Дені 

сау, сезімі сергек, ақыл-ойы жетілген 

«сегіз қырлы, бір сырлы» абзал аза- 

мат өсіру мәселесі халқымыздың ға- 

сырлар бойғы ой-арманы болып кел- 

ді және солай бола бермек.

ДЕДУКЦИЯ  (лат.  deductio  –  қаз. 

шығару)  –  білімнің  көбіне  жалпы-

дан  жекеге  қарай  көшуі,  салдардың 

алғышарттардан шығарылуы; ғылы- 

ми  танымда  дедукция  индукциямен 

ажырағысыз  байланысты.  Психоло-

гия  дедукциялық  пайымдаулардың 

дамуы  мен  бұзылуын  зерттейді. 

Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек 

жалпыға қарай қозғалысы оның бар- 

лық  психикалық  процестермен,  тұ- 

тас алғандағы ойлау қарекетінің құ- 

рылымымен шарттастылығында тал-

данады. Дедукциялық пайымдаулар-

ды эмпириялық зерттеулердің, мыс., 

алғышарттарға  және  олардан  шыға- 

тын қорытындыларға деген сенімнің 

талдануы  болып  табылады.  Д.  жал-

пы білім негізінде белгілі бір объект 

туралы жаңа білім тұжырымдалатын 

ой қорытындыларын пайдалану. Мұн- 

да материалға сәйкес логикалык про- 

цесс  пен  мазмұндау  жолы  жалпы 

қағидалардан  басталып,  оларды  сол 

немесе  басқа  нәрсеге  пайдаланумен 

аяқталады.  Д.  жалпыдан  жекеге  қа- 

рай дамитын ой қорытындысы, логи- 

калық ойлау формасы. Дедукциялық 

ойдың кең тараған түрі – силлогизм. 

Екі немесе бірнеше пікірлердің бай- 

ланысы нәтижесінде жаңадан бір пі- 

кір шығару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет