ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ – ең-
бек қарекетінің нақты нысандары-
ның және адамның еңбекке деген
көзқарасының қалыптасуының пси-
хологиялық заңдылықтарын зерт-
тейтін психология ғылымының са-
ласы. Еңбек психологиясының объек-
тісі – индивидтің өндірістік жағдай-
ларындағы және оның жұмыс күшін
ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті.
Қазіргі заманғы Е.п. өндіру және
тұтыну деген ажырамас екі цикл бо-
лады, адам оларда кезекпен және
тәуелсіз түрде әуелі өндіруші, одан
кейін тұтынушы ретінде көрінеді
деген түсініктерден бас тартты. Ең-
бек психологиясының тұрғысынан
индивидтің жұмыс уақыты мен бос
уақыты еңбек және жұмыс күшін
ұдайы өндіру жағдайларымен тығыз
байланысты.
Е.п-ның негіздері медицинаның,
физиологияның, техниканың, социо-
логия мен саяси экономиканың ық-
пал-әсерімен қалыптасты. Қайсыбір
пәннің еңбекті жетілдіру мәселеле-
рін шешуге қатыстырылуы үшін бас-
тау-негіз мынадай қағиданың таны-
луы болды: еңбектің ұйымдастыры-
луы оның өнімділігін еңбекті қар-
қындатудан гөрі көбірек арттырады,
ал жұмыскерге жұмсалатын (оның
білім алуына, медициналық қызмет-
пен қамтуға, тұрғын үй-тұрмыстық
және экологиялық жағдайларын жақ-
сартуға) экономикалық шығындар
өндіріс саласындағы пайда түрінде
қайтады. Бұл орайда, әрбір пән еңбек
психологиясын дамытуға, оның мін-
деттерін тұжырымдауға өз үлесін қос-
ты. Е.п-ның өз алдына ғылыми пән
ретінде қалыптасуының бастамасы
деп Г.Мюнстербергтің «Психология
және өндіріс тиімділігі» (1913) және
«Психотехника негіздері» (1914) ат-
ты еңбектерінің шығуын есептеу қа-
былданған. Еңбекті зерттеуге И.М.Се-
ченов өз үлесін қосты.
Осы арқылы еңбекті ұтымды ұйым-
дастыру және еңбек қарекетін жо-
балау мәселелері зерттеле бастады.
Алайда еңбек психологиясының эк-
лектикалықтан арылып, өзінің пәнін
саралап алуына дейін ұзақ уақыт
өтті. Еңбекті зерттеудің инженерлік
психология, авиациялық және ға-
рыштық психология, эргономика,
басқару психологиясы секілді жаңа
бағыттары қалыптасты. Е.п-ның қа-
зіргі уақыттағы басты-басты міндет-
тері өндірістік қатынастарды жетіл-
Достарыңызбен бөлісу: |