176
діру, еңбектің сапасын жақсарту, апат-
тық жағдаяттарға жол бермеу, еңбек
ұжымының (тобының) психология-
лық кейпін анықтап, реттелуге ба-
ғыттау т.б. Еңбек (бейнет, қам) пси-
хологияда іс-әрекеттің түрі ретінде
сипатталады. Е. – адам тіршілігіндегі
бірінші қажеттілік.
Сондықтан, қоғамдағы тәлім-тәрбие-
нің өзекті мәселесі – адамды еңбек
ету қажеттілігіне баулу. Жастарды
еңбекке психологиялық тұрғыдан даяр-
лау – жалпы гуманистік тәрбиенің түп-
кі мақсаты. Е. – адамның іс-әрекеті-
нің негізгі түрі және барлық материал-
дық игіліктерді өндірудің қайнар көзі.
ЕРІК – адамның мінез-құлқын мең-
геру қабілеті. Ол мақсат қоюдан
басталады. Е. – қимылдарының ал-
ғашқы көріністерінің бірі тілек. Ол
келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі.
Мәселен, «газетке мақала жазсақ»,
«өзенге барып шомылсам», «домбыра
тартып үйренсем», т.б. деген сөйлеу-
де адамның түрлі тілегі бейнеленген.
Бұларда белгілі бір қажетті өтеу көз-
делген, бірақ оны орындау жолдары
әлі де болса көмескі, яғни оның нақ-
ты жоспары сызылмаған. Тілекте
еріктік амалға тән, аздап талғамалы-
лық сипат бар.
Е. – актісінің келесі бір буыны қалау.
Бұл мақсаттың айқындығын, санаға
жеткізетін нақты жоспарлардың жа-
салуын, ойдың бекілгендігін білді-
реді, бірақ тілек те, қалау да ерік қа-
сиетін толық көрсете алмайды. Өйтке-
ні бұлар кейде бір-біріне үйлесе ал-
май, біріншісі екіншісіне қайшы
келеді. Адам ылғида шамасы келе-
тін, күші жететін мақсатты қойып,
осы жолда кездесетін ішкі кедергі-
лер – жалқаулық, адам өзіне жұмыс
істеу қиынға соғатын, алдында тұр-
ған міндетке ешқандай қатысы жоқ
басқа бірдеңелермен шұғылдануға
құштарлық ететін, белгіленген мәсе-
лелерді орындауға кедергі жасайтын
субъективтік, жеке ниеттен туатын
жат әдеттер сияқты кедергілер жата-
ды (төсектен тұрғың келмейді, бірақ
сабаққа кешікпеу үшін тұру керек),
сыртқы кедергілер деп сол істің объек-
тивтік қиындықтарын, оның күрде-
лілігін, әрқилы бөгеттерді, басқа адам-
дардың қарсылықтарын жұмыс
жағдайындағы шынайы қиыншы-
лықтарды т.б. есептейді, ол (біреудің
қарсылығы, жағдай болмау т.б.)
қиыншылықты жеңіп отыру қажет.
Белгілі дүниетанымы мен сенімі, мі-
нез-құлқының принципі бар, өз ісінің
дұрыстығына көзі жететін адам ғана
дұрыс тоқтамға келе алып, оны қайт-
кен күнде де орындау жолын таба-
ды. Кейбіреулер өзінің алдына кө-
мескі мақсат қояды да, сөйтіп мақ-
сатын орындай алмай қалады. Ал
ой жұмысын керек етпейтін жеңіл
мақсатта, адамның еркін енжар, әлсіз
етуі мүмкін. Еріктік амалдың ең
шешуші кезеңі мақсаттың орында-
луы. Адамның ерік сапалары сан
алуан. Олардың ұнамды жанға жара-
сымды түрлерімен қатар нашар жақ-
тары аз кездеспейді.
Еріктің негізгі функциялары: мотив-
тер мен мақсаттарды таңдау; іс-әре-
кет мотивациясы жеткіліксіз не басы
артық болғанда іс-әрекетке деген ниет;
ынтаны реттеу, психикалық үрдістер-
ді адам атқаратын іс-әрекетке бара-
бар жүйе етіп ұйымдастыру; қойыл-
Достарыңызбен бөлісу: