181
айтуға лайықты сөз де табылмай-
тын ертегідей бір шырын-шәрбат
ләззаттың дәмін де татқалы тұр-
мын». Кенеттен оның басында қа-
рама-қарсы мотив туа қалады: «...
Әйтсе де бажайлап, қабырғаммен
кеңесе кетсем-ақ болды, тұла бойым
түршігіп сала береді. Ары айт, бері
айт, өмір бойы, мәңгі-бақи қол-
аяғыңа күрмеу түсіп, қайтып енді
тырп ете аузыңды ашып, жазып ем,
жаңылып ем деуге шамаң келмесе –
шаруаңның біржола біткені ғой...»
Подколесин тұрағы жоқ, жағдайдың
әуеніне қарай ағатын адам. Оның
ойына ар-ұят, адамгершілік дегендер
кіріп те шықпайды. Некесі қиыла-
йын деп тұрғанда осылайша әуре-
сарсаңға түсуі оның қандай адам еке-
нін жақсы байқатады. «...Шынымен-
ақ, тайып кетуге болмай ма екен?
Әлбетте болмайды, есік алды, кез
келген жерде сапырылысып жүрген
жұрт, қайда барасың дейді ғой бі-
реу. Жоқ, болмайды». Осы жерде ол
ашық терезені көреді де осыдан қар-
ғып кетсем қайтеді дейді. Жоқ бол-
майды, жерден алыс екен быт-шы-
тым шығар, екіншіден, терезеден
қарғу лайық емес, үшіншіден, қал-
пақсыз қалай қарғымақпын, лайық
емес деп тұрып алады. Оның қалпа-
ғын досы Кочкарев тығып қойған.
Ол ақырында: терезе онша биік емес
екен, қалпақсыз қарғуға да болар деп
көшеге қарай қарғып кетеді.
Белгілі көзқарасы мен сенімі қалып-
тасқан адамда мотивтер күресі онша
байқалмайды. Олар көбінесе жеке
бастың мотивінен гөрі қоғамдық мә-
ні бар мотивтерді (борыш сезімі, нәр-
сенің қоғамға қажеттілігін түсіну)
басшылыққа алып отырады. Сөйтіп,
мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер
күресі, тоқтамға келу –
бәрі жина-
лып еріктік қимылдың «даярлық
кезеңі» деп аталады. Еріктік амал-
дың ең негізгі кезеңі – қандай болма-
сын тоқтамды орындау стадиясы. Өзі-
нің қандай болмасын тоқтамын іске
асыратын, оны орындайтын кісіні ға-
на еркі нағыз жетілген адам деп ай-
туға болады.
Талай жақсы тоқтамдардың жүзеге
аспай, орындалмай қалатындары да
кездесіп отырады. Бұлай болудың
себебі орындалуы қиын мақсатты
алға қоюдан, мақсаттың айқын бол-
мауынан, әлі де болса өмірге дұрыс
көзқарастың қалыптаспауынан, өз
ісіне сенімсіздіктен, мақсат еткен нәр-
сеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б.
себептерден болады.
Сондықтан адам өзінің алдына ша-
масы келетін, күші жететін, орындай
алатын мақсаттарды қойып, осы жол-
да түрлі қиыншылықтарды жеңіп оты-
руы тиіс. Белгілі мінез-құлықтық
принципі бар, өз ісінің дұрыстығына
көзі жеткен адам ғана нақтылы тоқ-
тамға келе алып, оны қалай да орын-
даудың тиімді жолдарын таба алады,
бұл жолда орынсыз солқылдақтық,
табансыздық көрсетпейді. Кейбір адам-
дар өзінің алдына көмескі, бұлдыр
мақсат қояды да, ой таразысына жақ-
сылап салмайды, сөйтіп оны орындай
алмай қалады. Ерекше ой жұмысын
керек етпейтін жеңіл мақсатты алға
қою да адамдық еркін енжар, әлсіз
етіп жіберуі мүмкін. Сондықтан бел-
гілі ерік күшін талап ететін, тиісті жұ-
мыстар істеу нәтижесінде қол жете-
тін мақсаттарды ғана алға қоюымыз
қажет. Еріктік амалдың негізгі ке-
зеңдерін төмендегі схема арқылы
Достарыңызбен бөлісу: