АЙзЕНК ГАНС ЮРГЕН (1916-
1997) – британ психологі. Психология-
дағы биологиялық бағыттың көшбас-
шыларының бірі. Г.Айзенктің жеке
тұлға теориясы диспозициялық тео-
рияның үш негізгі бағытының біреуі-
не – қатаң бағытына жатады. Бұл
бағыт адамның қатаң биологиялық
құрылымдары: дене құрылымы, жүй-
ке жүйесі, ми және белгілі жеке тұл-
ғалық қасиеттері арасында қатаң
сәйкестік құруға ұмтылады. Мәселен,
Г.Айзенк «интроверсия – экстравер-
сия (тұйықтылық-ашықтық) мидың
ерекше құрылымы – ретикулярлық
формацияның қызметімен байланыс-
ты» деген болжам ұсынған.
Достарыңызбен бөлісу: |