178
жылдықтарында осы ұғымнан жал-
пы бас тартуға ұмтылды, оны қан-
дай да болмасын басқа, демек, бақы-
лау және бағалауға болатын мінез-
құлық сапаларымен ауыстыру көз-
делді. Мысалы, Американың мінез-
құлық психологиясында ерік ұғы-
мының орнына «мінез-құлықтың
табандылығы» ұғымын қолдана
бастады. Қазіргі кезде ерік туралы
психологиялық зерттеулер әртүрлі
ғылыми бағыттар арасында бөлінген
болатын: бихевиористік бағыттағы
психологияда мінез-құлықтың сәйкес-
ті түрлері зерттелуде. Көптеген ға-
лымдар ерік туралы ілімді қайта
жандандыру, оған құбылыс ретінде
бірігушілік сипат беру үшін бағыттал-
ған қадамдар жасауда. Кеңестік ке-
зеңде ерік туралы психологиялық
зерттеулерде бұл проблемаға ерекше
мән берген В.А.Иванников адам мі-
незін реттеуде екі бір-біріне қарама-
қарсы тұжырымдамалардың күресін
жатқызады: реактивті және активті.
Бірінші тұжырымдама бойынша,
адамның барлық мінез-құлқы әртүр-
лі ішкі және сыртқы стимулдарға
негізінен жауап болып табылады,
оны ғылыми зерттеудің міндеті осы
стимулдарды іздестіре отырып, оның
реакцияларымен байланысын анық-
тауға алып келеді. Адамзат мінезін
осылай түсіндіру үшін еріктің қаже-
ті жоқ. Рефлекс оның дәстүрлі түсі-
нігінде әруақытта да белгілі бір стимул-
ға реакция ретінде қарастырылады.
Екінші тұжырымдама бойынша бұл
соңғы жылдары күш алып, әрі оны
жақтаушылар бірте-бірте арта түсу-
де, адамның мінез-құлқы белсенді,
ал оның түрлері саналы таңдауға
берілген қабілеттілік ретінде қарас-
тырылады. Мінез-құлықты осылай
түсіну үшін ерік және еріктілікті реттеу
қажет. Ол тек психологияның бұ-
рынғы атын қайтаруды талап етпей-
ді, сонымен қатар адамзат мінез-құл-
қын ғылыми зерттеулерде ерік проб-
лемасына лайықты көңіл бөлуді қа-
жет деп есептейді. Жоғары жүйке қыз-
метінің жаңа физиологиясында көр-
некті ғалым-физиологтар Н.А.Берн-
штейн мен П.К.Анохин бұл көзқарас-
ты орынды бекітеді және жараты-
лыстану жағынан қолдайды. Бұл
тұрғыдан үлкен үміт қазіргі сана
психологиясына және когнитивтік
психологияға, адам психикасын экс-
перименттік зерттеулердің жаңа әдіс-
намасы мен әдістеріне жүктеледі. Ерік-
жігер іс-әрекеттерінің табиғатына,
соған сәйкес адамның мінез-құлқы-
на жаңаша қарау туралы талпыныс-
тар да баршылық. Еріктің белсенділі-
гіне байланысты оған жаңа, қазір-
гіше анықтама беру туралы айты-
лады. Мінез-құлықты ерікті реттеу
санамен байланысты, мінез-құлық-
тың алғашқы түрткісін күшейтуге
немесе бәсеңсітуге қабілетті. Осын-
дай түрткінің күшеюі мен бәсеңсуі
орындалатын әрекеттің тұлғалық мә-
нінің өзгеруі арқылы іске асады.
Балаларда еріктің дамуы олардың
адамгершілік түрткілер саласының
дамуымен және баюымен тығыз бай-
ланысты.
Адамның белсенділігі, жауапкерші-
лігі, ұйымшылдығы, тәртіптілігі сияқ-
ты қасиеттері дәстүрлі түрде әруа-
қытта да жеке тұлғаның еріктік са-
паларына жатады. Сонымен, ерік
мәселесі қазіргі кезде жаңа, өзекті,
практикалық мәнге ие болуда, демек,
осы мәселенің теориялық негіздері-
Достарыңызбен бөлісу: