Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет262/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЕСТЕ

ЕСТЕ


185

келді. Қазір ол алғашқы адам есін тү- 

сіну жолында көп үміт күттіретін қа- 

дамдар жасай бастады.

Адам  миы  –  бұл  күрделі  электрон- 

дық-есептеу машинасы. Кеңестік пси- 

хологияда  негізінен  есті  зерттеуде 

іс-әрекеттің  жалпы  психологиялық 

теориясымен  байланысты  бағыттар 

дамыды. Бұл теорияның негізінде ес 

психологиялық  іс-әрекеттің  ерекше 

түрі, адамның теориялық және прак- 

тикалық  әрекетінің  жүйесі  ретінде 

әртүрлі  ақпаратты  еске  қалдыруға, 

еске сақтауға және қайта жаңғырту- 

ға  бағытталған.  Іс-әрекет  ретінде 

адамның  есін  зерттеудің  басталуы 

француз  ғалымдарының  жұмыста- 

рымен,  оның  ішінде  П.Жаненің 

еңбектерінде негізі салынды. Ол ал- 

ғашқылардың бірі болып, еске сақтау- 

ға,  қайта  өңдеуге  және  материалды 

сақтауға бағдарланған есті іс-әрекет 

жүйесі  ретінде  тұжырымдады.  Пси- 

хологиядағы  француздың  ғылыми 

мектебі барлық ес үрдістерінің әлеу- 

меттік байланыстылығын, оның адам- 

дардың практикалық іс-әрекетіне тә- 

уелділігін  дәлелдеді.  Кезінде  біздің 

елімізде  бұл  концепция  А.С.Выгот- 

скийдің және оның ең жақын шәкірт- 

тері А.Н.Леонтьевтің, А.Р.Лурияның 

негізін салған адамның жоғары пси- 

хикалық  қызметінің  пайда  болуы 

мәдени-тарихи  теорияның  одан  әрі 

дамуында көрініс тапты. А.Р.Луриянің 

ғылыми  жетекшілігімен  жүргізіл- 

ген  нейропсихологиялық  зерттеулер 

естің  физиологиялық  амалдарын 

сипаттауға  мүмкіншілік  берді.  Есті 

зерттеуге  өзінің  белгілі  үлесін  қос- 

қан  П.И.Зинченко  мен  А.А.Смир- 

новты  ерекше  атауға  болады.  Олар 

ырықты  және  ырықсыз  есте  қалды- 

рудың практикалық іс-әрекетті ұйым- 

дастыруға  және  басқа  жағдайларға 

тәуелді  екендігін  жан-жақты  зерт- 

теді.


Естің іс-әрекеттік теориясына сәйкес 

әртүрлі  елестетулердің  арасында 

байланыстар – ассоциациялар ұйым-

дастыру, сонымен қатар материалды 

есте қалдыру, есте сақтау және қайта 

жаңғырту  былай  түсіндіріледі:  адам 

есте сақтайтын материалмен жұмыс 

барысында  не  істейді,  сонымен  қа- 

тар  мнемикалық  үрдістер  іс-әрекет- 

тің тұтас құрылымында қандай орын 

алатындығына байланысты. Есте қал- 

дыру амалының ерекшеліктерін ашып 

көрсететін  әртүрлі  қызықты  дерек- 

терді А.А.Смирнов өзінің зерттеуле- 

рінде атап көрсеткен болатынды.

ЕСАЛАҢДЫҚ – адамның психика- 

лық іс-әрекетінің төмендеп, санасы- 

ның кемуі. Көбінесе әртүрлі аурулар- 

дың  салдарынан  болады.  Есалаң- 

дықта адам іс-әрекеттерді санасыз, со- 

қыр  сеніммен  орындайды.  Е.  қоян- 

шықтық  және  есіріктік  болып  бөлі- 

неді. Қояншықтық Е. – қояншық ау- 

руынан,  мидың  зақымдануы  салда- 

рынан  болады.  Есіріктік  Е.  кезінде 

адам  есеңгіремейді,  дағдыға  айнал- 

ған әрекеттерді қайталай береді.



ЕСКЕ ТҮСІРУ – көз алдына келті- 

ру, елестету. Еске түсіру ұзақ мерзім- 

ді жадынан қажет ақпарат іздеумен, 

қалпына  келтірумен  және  алумен 

байланысты  ақыл-ой  әрекеті.  Е.т. 

еске  алудың  ырықты  нысаны  ретін- 

де  көрінеді.  Ж.Аймауытов:  «...еске 

түсіру өнері дегеніміз – ойлау өнері... 

Байланыстардың  мәнісі  –  ойлау  де- 

ген сөз», – дейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет