194
мақалдар да осы пікірімізді онан
сайын толықтыра түседі.
Мақал-мәтелдерде адам түйсіктері
ақыл, ой, сезім процестерімен бай-
ланыста болса ғана өз мәніне ие бо-
латындығы, («Көңілдегі сырды көз
біледі», «Көз көрмей, көңіл сенбес»,
«Жүректің сырын, көздің нұры паш
етер»), сондай-ақ, адамның сезім мү-
шелерінің тану қабілетінің шегі жоқ
екендігі жөнінде де тиісті мағлұмат-
тар берілген («Көз көруге тоймайды,
құлақ естуге тоймайды»). Мақал-
мәтелдерден танымның сезімдік жә-
не ақыл-ой басқыштарының бір-бі-
рімен байланысы туралы айтылған
қызықты жайттарды да көптеп кез-
дестіруге болады. Сыртқы дүниенің
толып жатқан құбылыстарының бар-
лығын тікелей сезу қиын. Дүниеде
біз тікелей біле алмайтын заттар мен
құбылыстар да мол. Адам есітіп-
көргенін, сезіп-сипағанын ақылға са-
лып өңдеп, бір-бірімен салыстыра,
талдай жинақтап, жалпылай алу қа-
білетіне ие болады.
Жанама, жалпылай, сатылап тану
арқылы біз құбылыстардың ішкі мә-
ніне, олардың бірінің себеп, екіншісі-
нің салдары екендігіне, бірінің екін-
шісінен туып отыратындығына көзі-
міз жетеді. Мәселен, «Бой жетпеген
жерге ой жетеді», «Көз көрмеген жер-
ге сөз жетеді», «Көз жеткізер, көз жет-
кізбегенді сөз жеткізер», деген ма-
қалдарда біз жоғарыда айтқан таным
процесінің негізгі екі сатысының
өзара байланысы мейлінше анық та,
айқын айтылған. Атап айтқанда, «Көз
жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жет-
кізер» деген мақалдың мәні адамда
болатын сигнал жүйелерінің болмы-
сын (адам миындағы бірінші, екін-
ші сигнал жүйелері Қ.Ж) және олар-
дың арасындағы байланысты жақсы
аңғартады. Халық көру мен ой, сөз
арқылы танып білудің арасында елеу-
лі айырмашылық бар екенін жақсы
аңғара алған.
Бұл жерде «Көз жеткізер» деген сөз
тек көз туралы айтылып қоймай, жал-
пы мағынада, яғни сезім мүшелері
арқылы танып білу жөнінде де айты-
лып отыр. Көз, қүлақ, тері т.б. сезім
мүшелерінің жұмысы – бірінші сиг-
нал жүйесінің қызметі болып табы-
лады. Ал, «сөз жеткізер» тіркесін қа-
зіргі ғылыми тілмен айтатын болсақ,
бұл – екінші сигнал жүйесі арқылы
танып білу деген сөз. Сөз бен ой түй-
сіктері арқылы тікелей бейнеленген
нәрселердің ішкі мәнісін, негізгі сы-
рын тереңірек ажыратуға мүмкіндік
беретін өте күрделі психикалық құ-
былыстар.
Ерте кездің өзінде-ақ адамдар сырт-
қы ортаны тануда практиканың, тә-
жірибенің, маңызы зор екенін көре
білген. Таным процесінің басынан
аяғына дейін, яғни тікелей пайымдау-
дан абстракты ойлауға дейін іс-әре-
кет, тәжірибе қосарласа жүріп оты-
рады. Практика – дүниетанудың
негізгі бағытын көрсетіп отыратын
басты өлшем екендігін мақал-мә-
телдер былайша тұжырымдайды:
«Шынайы еңбек, алғыр ой – анық
досың, біліп қой», «Көп көрген –
нұсқа, көп істеген – ұста», «Саусақ
бірікпей ине илікпейді», «Сөзің қыс-
қа болсын, қолың ұста болсын» т. б.
Бұларда іс-әрекеттің арқасында ғана
адам өзінің мақсатына жететіні, тек
осылай еткенде ғана оның дүниені
толық тани алатыны, айтылған. Адам
психологиясының жетіліп, қалып-
Достарыңызбен бөлісу: