Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ЖАС  –  адам  дамуының  кезеңі



Pdf көрінісі
бет297/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   877
ЖАС  –  адам  дамуының  кезеңі,  ор- 

ганизм мен тұлға қалыптасуына тән 

сипатты заңдылықтар жиынтығымен 

сипатталады. Жас – дамудың белгілі 

бір сатысындағы тұлға құрылымының 

өзіндік ерекшелігін анықтайтын бір- 

қатар  өзгерістер  тән  болатын  сапа- 

лық  тұрғыдан  ерекше  кезең  болып 

табылады. Педагогикалық тәжірибе, 

психологиялық  бақылаулар,  меди- 

циналық  практика  эмпириялық  не- 

гіздерде әр түрлі жас кезеңдерін са- 

ралайды.

Жасқа орай дамуды кезеңдерге бөлу- 

дің қазіргі варианттары шартты түр- 

де  алынған,  өйткені  әрбір  көзқарас 

тұрғысына тән критерийлерге негіз- 

делген.  Жастың  психологиялық  си- 

паттамасы тәрбие мен дамудың нақ- 

ты  тарихи  жағдайларына,  қарекет 

пен  қарым-қатынас  ерекшеліктеріне 

орай  анықталады.  Жас  шекаралары 

өзгермелі  және  әр  түрлі  әлеуметтік-

экономикалық  жағдайларда  бір- 

дей болмайды. Әлеуметтік орта эле- 

менттерінің  балаға  ықпалының  си- 

паты  оның  бұдан  бұрынырақта  да- 

мыған  қандай  психологиялық  қа- 

сиеттерден  өтіп  қабылданатынына 

байланысты. Осы ішкі және сыртқы 

жағдайлардың  жиынтығы  жастың 

ерекшелігін анықтайды, ал бұлардың 

арасындағы қатынастың өзгеруі жас 

тұрғысындағы келесі кезеңдерге өту- 

дің  қажеттілігі  мен  ерекшеліктеріне 

себеп  болады.  Жас  тұжырымы  ғы- 

лымның  даму  барысында  елеулі  өз- 

герістерге  ұшырап  отырды.  Ассо- 

циацияшылар  бұл  дамуды  таза  сан- 

дық  өзгерістерге  сайады.  Бихевио- 

ризм  шеңберіндегі  зерттеулерде  ма- 

шықтар  мен  дағдылардың  қалыпта- 

суы ғана есепке алынады. Фрейдизм 

мен неофрейдизм өкілдері тұлғаның 

түрткі  себеп-эмоция  тұрғысында- 

ғы  эволюциясын  ғана  негізге  алып 

жас кезеңдерін саралауға әрекеттен- 

ді.  Отандық  ғылымда  баланың  төл- 

құжаттық  жасы  оның  нақты  даму 

деңгейінің критерийі бола алмайты- 

ны  көрсетіледі:  бұл  деңгейді  анық- 

тау  үшін  баланың  психологиялық 

жағдайына,  тұлғалық  сипаттамала- 

рына, осының өзінде нақты бары ға- 

на емес, толысу кезеңінде, таяудағы 

даму айғағы деп аталатын да сипат- 

тамаларға  талдау  жасау  керек  бо- 

лады.


Жалпы  организмнің  және  атап  айт- 

қанда,  жүйке  жүйесінің  толысуы, 

стадиялық сипатта болады, жаңа пси- 

хологиялық құрылымдар түзбей, әр- 

бір  жас  кезеңінде  жаңа  тәжірибені 

игеру  үшін,  жаңа  қарекет  әдістерін 

меңгеру  үшін,  жаңа  психологиялық 

процестер қалыптастыру үшін айрық- 

ша  алғышарттар  жасайды.  Осымен 

қатар  кері  байланыс  та  байқалады: 

баланың өмірі мен тәрбиесі жағдай- 

ларына  орай  организмнің  белгілі 

бір  жүйелерінің,  ми  құрылымдары- 

ның қарқынды жұмыс істеуі ми био- 

химиясына,  жүйке  құрылымдары- 

ның  морфогенезіне,  ми  қабығының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет