Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет346/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   877
зОРЫ

ИАСС


244

далармен  қатар  бұл  дүниелік  жәйт- 

тер, яғни оқып, білім алу, иманды ізгі 

қасиетті болып ақыл-парасатқа жеті- 

лу, сөз бен істе шыдамды, төзімді бо- 

лу,  жақсы  мен  жаманды  айыра  алу, 

достық  пен  махаббатты  қастерлеу, 

азға қанағат тұту, кемтар, ғаріп адам- 

дарға қамқор, әділетті болу, адал жол- 

мен жүріп-тұру секілді жалпы адам- 

гершілік нормалары дәріптеледі («Ма- 

хаббатқа  берілгендер  өз  мақсатын 

табады», «Достарына төбеңмен қыз- 

мет қылғын», «Қызықпай мал-мүлік- 

ке  дүние  тепкін»,  т.б.)  ғұлама  атал- 

ған  қасиеттердің  психологиялық  ас- 

тарларына үңіледі. Надандық, сараң- 

дық, залымдық, дүниеқұмарлық («Ей, 

достар, наданменен көңіл қоспа», «Жал- 

ған  сөйлеп  имансыз  болма,  Дүние 

үшін иман мен дінін сатар», т.б.) се- 

кілді жаман қасиеттерді шенеп, міней- 

ді.  Соңғы  айтылғандардың  қай-қай- 

сысы да психологиялық жағынан кү- 

ні  бүгінге  дейін  өзінің  ғылыми  мә- 

нін жоймай келеді.



ИБА – адамның мінезінің әдеп сақ- 

тап, ізет етуін, ұялу сезімін білдіре- 

тін  ұнамды  әрі  жағымды  қасиетін 

білдіретін  ерекшелігі.  Ибалы  мінез 

көрсететін адамды халық үнемі сый- 

лап,  құрмет  тұтады.  Өзгелерге  үлгі-

өнеге етіп көрсеткен. «Алғашқы кезде 

Роза менен иба қылып жүрді (Иман- 

жанов). Ибалы мінез көрінісі кім-кім- 

нің де болса да ақыл-ойы мен әдепті- 

лігін,  білімділігі  мен  парасаттылы- 

ғын, тәрбиелігі мен өнегелілігін, көр- 

сететін  қылығы  болып  табылады. 

Көпшілік арасында әдеп сақтап, ар- 

ұятын  сақтайтын  жастарды  халқы- 

мыз құрмет тұтып, оның әрбір іс-әре- 

кетін,  жүріс-тұрысындағы  қимыл-

қозғалысын, сөйлеген сөзін, адамдар- 

мен  қарым-қатынас  жасауын  үлгі 

тұтып, өзгелерге тағылым етіп отыр- 

ған. Ізеттілік, әдептілік пен сыпайы- 

лық кімнің болса да жеке басын, ада- 

ми қасиетін асырып ондайларды өс- 

келең  ұрпаққа  үлгі  берерлік  тұлға 

деп  санаған.  «Күліп  кісі  бетіне  қа- 

рап  көрмеген,  ибалы,  атақты  асыл 

Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшы- 

рағанына  қайғыра-қайғыра  құр  шы- 

бын  жаны  бар  еді  (Торайғыров)». 

«Ғайшаның апасы бір-біріне айта ал- 

май, ибалық қылып отырған сөзі бол- 

са,  сөйлесін  деп,  екеуін  оңаша  тас- 

тап, ауыз үйге шығып тұрды (С.Кө- 

беев)». Ибалық көрсету, мінез-құлық- 

тың  ұнамсыз  қасиетіне  қарама-қар- 

сы сипат болып табылады да, адам- 

ның  өз  басына  тән  қылығын  неғұр- 

лым сыйласымды өнегелік пен әдеп- 

тілік  көрсету  қажеттілігін  дамытуға 

баса мән береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет