Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет353/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИМАН

ИМАН


249

Имандылық  –  бұған  қарама-қарсы 

мұсылман  дінін  ұстаушылар  (әсі- 

ресе бес парызын міндетті түрде орын- 

дап  жүргендердің),  сондай-ақ  адам- 

гершіліктің  деңгейіне  дақ  түсірмей- 

тін (өтірік айтпау, кісі ақысын жемеу, 

зинақорлықпен айналыспайтын), адал 

еңбегімен күн көретін жаны жайсаң 

адамдардың психологиялық-мораль- 

дік бейнесін көрсететін категория.

ИМПЛИЦИТТІК  –  1)  тікелей  ба- 

қылауға  келмейтін,  түсініксіз  нәрсе. 

Американдық  психолог  Д.Уотсон 

(1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ- 

ты  саналық  процестердің  негізінде 

жататын  бездер  мен  бұлшық  еттер- 

дің  нәзік  реакцияларына  қатысты 

қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын, 

көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде 

индивидтің ұғынуынсыз өтетін про- 

цесс.  Санадан  тыс  өтетін  когнитив- 

ті процестерді сипаттауда қолданылады.



ИМПРИНТИНГ  (ағылш.  imprint  – 

есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт- 

қалылардағы  үйренудің  айрықша 

түрі.  И.  туыла  салып  дамудың  ерте 

сатысында өтеді, өте шектелген бел- 

гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін.  

И. процесі өте жылдам (көбіне объек- 

тімен  бірінші  кездескенде-ақ)  жаса- 

лады.  И.  нәтижесі,  әдетте,  қайтым- 

сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ- 

тарын  қорғауын  қамтамасыз  етеді 

(балапандардың  ата-анасының  со- 

ңынан  еруі,  ата-аналарын  тануы, 

тұрған  жерін  тануы  және  т.б.).  Со- 

нымен,  И.  тәжірибе  алудың  түрі. 

Туыла берілетін және үйренетін реак- 

циялар  арасында  орын  алады.  И. 

жағдайында  қандайда  бір  сыртқы 

стимулдың ықпалымен туыла беріл- 

ген  қылық  формасы  әрекетте  жал- 

ғасады.  Сонда  туыла  берілген  мүм- 

кіндіктерді стимулдар туғызады деп 

тұжырым жасауға болады. И. – туыл- 

ған сәттен бастап қандайда бір сти- 

мулдың ықпалымен тікелей іске асы- 

рылатын немесе генетикалық бағдар- 

ламада жетіліп кодталған дайын кү- 

йінде  берілген  қылықтың  қандайда 

бір  формасының  арнайы  үйретулер- 

сіз-ақ, қызметін атқаруы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет