254
мен зерттеулер көрсеткендей, өзгеріл-
ген өмір жағдайында жануарлардың
инстинктивтік іс-әрекеті өте қажетті-
ден мағынасыз әрекетке айналады.
Егер де жұмыртқа басып жатқан га-
гарлардың жоқ кезінде ұяда жұмырт-
қаларын басқа жаққа ауыстырып,
орнына дөңгелек тастарды қойса, ол
тастың үстіне отыра береді, өз жұмырт-
қаларының жоқтығына мән бермейді.
Мәселен, жұмысшы құмырсқамен
мынадай бақылау жүргізіп қарайық,
олар тамақтарды бүкіл жаз бойы өз
індеріне жинақтайды. Алып келген
тамағын інге кіргізбестен бұрын
сыртқа қойып, іннің ішіне кіріп шы-
ғады, содан кейін кіргізеді. Ішке кі-
ріп кеткенде әлгі тамағының орнын
басқа жерге ауыстырып қойсақ, оны
сол жерге қайта алып келіп, қойып,
тағы да інге кіріп шығады, оны тағы
басқа жерге ауыстырсақ, сол әрекетті
қайталай береді. Бұл құмырсқаның
іс-әрекеті, соқыр сезім арқылы орын-
далғандығын аңғару қиын емес.
Мәселен, жаңа туған малдың (қой-
дың) төлі немесе иттің күшіктері ту-
ған бойда анасының бауырына ұм-
тылады, енесінің емшегін іздей бас-
тайды, тауып алып, емеді.
Малдың жас төлінің іс-әрекеті бел-
гілі бір сигналға байланысты. Осы-
ның бәрі шартсыз рефлекстің нәти-
жесінде іске асып отыр. Тұқым қал-
дыру инстинктері өте күрделі, соны-
мен қатар жыныстық, тамақ, қорға-
ныс инстинктерін көптеген омырт-
қалыларда кездестіруге болады. Ұя
салу және өзінің тұқымын күту құс-
тарда және бауырымен жорғалау-
шыларда белгілі бір мақсатта іске
асады. Бірақ бұл мақсаттылық таза
сыртқы факторларға байланысты.
Жануарлардың қылықтары ортаның
өзгеруіне байланысты аз-кем өзгеріс-
терге ұшырайды. Жағдайлардың өз-
геруіне байланысты кейбір құстар
мен бауырымен жорғалаушыларда
инстинктілік іс-әрекеттің салдарынан
дұрыс дамып келе жатқан іс-әрекеті
бұзылады. Мәселен, құстар өз бала-
пандарын тастап кетуі мүмкін, сүт-
қоректілер өз тұқымын шайнап тас-
тайды. Жануарлардың қорғаныс
қылықтары инстинктілік сипатта бол-
са, өзіндік ерекшелігі бар. Оған көп-
теген мысал келтіруге болады. Мә-
селен, Америкада түсі қара кішкен-
тай аң өмір сүреді, оның бір ерекше-
лігі барлық аңдардың шабуылынан
қорғануын сақтандырған, аңдар оны
алыстан арқасындағы ақ сызықтан
біледі. Бұл – скунс деген аң. Табиғат
оны ерекше қорғану қасиетімен ерек-
шелеген. Ол өз жауларынан қорғану
үшін улы, исі ащы сұйық затта шы-
ғарып отырады. Қауіп төнген жағдай-
да өз жауына арқасын беріп, қана-
тын жайып, сұйық улы затты ауаға
жібереді. Бірнеше сағат бойы ең ірі
жыртқыштар «есінен айырылып қа-
лады».
Америкада барлық аңдар скунсқа ти-
мейді. Бұл жануарларда туа біткен
инстинктілік іс-әрекеттер болып та-
былады. Осыған байланысты жануар-
лардың туа біткен қылықтарының
түрлерін зерттеген этологтардың ең-
бектері ерекше қызығушылық туғы-
зады. Осы бағыттағы ғалымдардың
зерттеулері көрсеткендей, инстинкті-
лік іс-әрекет белгілі сигналдардың нә-
тижесінде болатындығын атап өткен
жөн.
Достарыңызбен бөлісу: