Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет359/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИНСА

ИНСА


253

мәнін кенеттен қайта ұйымдастыруды 

немесе құрылымдауды сипаттайды.

ИНСТИНКТ  –  гректің  сөзі,  қазақ- 

шалағанда  «соқыр  сезім»  деген  ма- 

ғынаны  білдіреді.  Бұл  жануарлар- 

дың  күрделі  туа  біткен  іс-әрекеті, 

оның  көмегімен  өз  қажеттілектерін 

қанағат-тандырады. Мәселен, өрмек- 

шілер  ерекше  шеберлікпен  өзінің 

өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын 

ала  бұл  өнерге  үйренген  емес.  Бал 

арасы  орасан  зор  математикалық 

дәлдікпен  омартасының  құрылысын 

салады. Кейбір жануарлардың түрле- 

рі, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын 

көрмейді, бірақ алдын ала жұмыртқа 

саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй 

және тамақ дайындайды, ол дүниеге 

келген тұқымы жеткілікті дамуы жә- 

не өз бетімен жетілуі үшін істеледі. 

Мәселен, жазғытұрым жол бойында 

немесе жанында қара қоңыздың жұ- 

бы тамағын шар түрінде домалатып 

бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар – 

болашақ  дүниеге  келетін  тұқымы  

үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шар- 

ды белгілі көлемде домалатады. Ана- 

лық қара қоңыз шардың ішіне жұмырт- 

қа  салады,  содан  кейін  оның  аузын 

жауып, бітегеннен кейін, осы шарды 

қауіпсіз жерге домалатып апарып қоя- 

ды.  Біршама  уақыт  өткеннен  соң, 

шардың  ішіндегі  жұмыртқадан  кіш- 

кентай  құрттар  шығады.  Құрт  шар- 

дың өзімен қоректенеді де өсіп оты- 

рады. Шардың ішін кеміріп, кішкен- 

тай  қоңыз  кеңшілікке  шығады.  Ин- 

стинктер қалыптаспайды, әрі күнде- 

лікті  өмір  барысында  оларды  жат- 

тығулар  арқылы  қалыптастыруға 

болмайды,  ол  туа  біткен  қасиет,  тұ- 

қым  арқылы  ата-аналарынан  бері- 

леді. И.П.Павловтың ілімі бойынша, 

инстинктер – бұл сол шартсыз реф- 

лекстер,  оларға  қарағанда  табиғаты 

күрделірек. «Қазіргі кезде, – деп жаз- 

ды  И.П.Павлов,  –  толықтай  анық- 

талды деуге болады, демек, инстинк- 

тер  дегеніміз  –  сол  рефлекстер,  тек 

бірнеше  жиі  күрделі  құрамнан  ғана 

тұрады».

Инстинктер  –  бұл  әртүрлі  шартсыз 

рефлекстерден тұратын тізбекті реф- 

лекстер,  әрбір  рефлекстің  қозғау-

шы  бөлігі  кейінгі  рефлекстер  үшін 

тітіркендіргіш болып табылады. Жа- 

нуарлар  инстинктерінде  бізді  таң 

қалдыратыны  олардың  органикалық 

мақсаттылығы болып есептеледі. Бі- 

рақ  жануарлар  инстинктерінің  мақ- 

саттылығы  ерекше  шектеулі.  Жа- 

нуарлар  инстинктері  таптаурынды 

түрде іске асады. Мәселен, өрмекші 

тоқыған  торына  түскен  шыбынды 

бас  салып,  оны  жеп  қояды.  Бірақ 

өрмекші  мен  шыбынды  торда  емес, 

стаканға бірге салып қойса, онда өр- 

мекші  шыбыннан  қаша  бастайды. 

Инстинктердің  шығуын  алғаш  рет 

түсіндірген  Ч.Дарвин  болды.  Оның 

ілімі  бойынша,  инстинктер  жануар- 

лардың  ұзақ  эволюциялық  даму  үр- 

дісінде,  сыртқы  ортаға  бейімделуде 

өмір  жағдайларына  байланысты 

қалыптасады.  Инстинктер  жануар- 

ларды  қоршаған  ортаға  бейімделуді 

және  өмірлік  қажеттіліктерін  қана- 

ғаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақ- 

тиін инстинктіге бағына отырып, өзі- 

не  ұя  жасайды  және  тамақ  жинай- 

ды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттер- 

ді жасай отырып, ұя салады, сондай 

дәлдікпен,  бірақ  алдын  ала  оған 

үйретілмеген болса да бал арасы омар- 

та  жасайды,  көптеген  бақылаулар 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет