Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет423/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


299

тілдіріп,  бұларды  қатар  алып  жүру. 

Ұлтымыз үлкенді құрметтеуді, жұрт- 

пен тіл табыса білуді, адамдықты әл- 

пештеуді жоғары тұтқан. Қазақ текті- 

лері  адамгершілік  пен  құндылық- 

тарды  құптап,  қолдауға  ерекше  мән 

берген.  Қысқасы,  еліміздегі  қазақы 

ортаның өмірлік өлшемі бірдей болып, 

оның құндылықтары біртекті көріне 

бермейді. Қазақ туралы, оның шығу 

тегі  мен  әлеуметтік  қызметі  туралы 

көзқарастар сан қилы.

Оның  үш  себебін  атадық:  Бірінші- 

ден  –  қазақы  әдет-ғұрпы  мен  салт-

дәстүрінің жаңару қарқыны әрқалай 

болса; Екіншіден – сіз бен біз қазақ 

болмысы  мен  санасын  әр  сарынды 

қабылдаймыз;  Үшіншіден  –  қазақ 

халқы қалыптасуының кезеңдері мен 

бағыттарын  сан-салаға  бөліп  қарас- 

тырамыз.  Осы  үш  жағдай  бізді  үш 

саққа тартып, үш деңгейде шектейді. 

Осыдан  «мен  қазақпын»  деп  ашық 

айтсақ,  ол  құқықтық  жағы  болады 

да, ал оның әлеуметтік жағының ай- 

қындылығы  бір-бірімен  үйлесе  бер- 

мейді.


Мәселенің  мәнді  жағы  мынада.  Ол 

өзіміз қаншалықты қазақ болуға ты- 

рысамыз, қазақпын деп сезінеміз, со- 

ған мүдделі екенімізді қайтіп көрсе- 

тіп жүрміз. Әркім өзін қазақпын деп 

анықтамаса, көрсетпесе, онда қазақтың 

көш бастау рөлі мен ұлт алдындағы 

жауапкершілігі бәсеңдейтіні белгілі. 

Сонымен елін сүйетін жас өскін өзін 

халқымыздың ұлт болып ұйыуы үшін 

ұлтжандылығын  қастерлеуі,  өзінің 

ұлттық  мінез-құлықтарын  жетілдіре 

беруі  тиіс.  Шәкірттің  мінез-құлқы 

отбасынан  нәр  алады  да,  мектепте 

жалғасын тауып, жандана түседі. Бұл 

жерде тілге тиек етіп отырғанымыз: 

адам болу, қазақ болу, ұлттық мәде- 

ниетіміздің  тұлғасы  болу  мәселеле- 

рі. Басты ойымыз – қазақтыққа өзіміз- 

ді қалай дайындап жүрміз деген мә- 

селеге келіп тоқайласады.

Ұлттық құндылықтарды дер кезінде 

және  дұрыс  қабылдау  үшін  дәстүр 

салтқа негізделген жүйелі білімді иге- 

ру, олар заманға орай үндес болу қа- 

жет.  Осы  тұрғыдан  алғанда  қазақ 

мәдениеті мен дүниетанымын, қазақ 

тарихы мен әдебиетін оқыту деңгейі 

қандай  деген  мәселе  туындайды. 

Мектепте  қазақ  тарихы,  қазақ  әде- 

биеті, қазақ тілі сияқты пәндерді оқы- 

тып жүрміз. Осы пәндер қаншалық- 

ты  жанымыз  бен  ойымызда  қазақы 

танымды,  қазақы  болмысты  қалып- 

тастыруға тікелей ықпал етеді? Осы 

пәндерді  ұғыну  арқылы  жас  ұрпақ- 

та,  ұлтымыздың  өзіндік  дамуының 

алғашқы сатысы, яғни осы мақсатқа 

орай  түсінушілік  пен  сезімталдық, 

мінезділік  пен  үйлестік,  әдептілік 

сияқты  қасиеттер  қалыптасып,  ай- 

қындала түседі.

Шәкірттің ұлттық келбеті, белсенді- 

лігі  арта  түседі.  Осы  өлшемдердің 

маңызын ізденген оқушылар ертерек 

есейіп,  ер  азамат  болуға  тырысады. 

Қазіргі  кезде  нұрлы  көште  бірлесе 

қолға алатын бір-бірімізге қол ұшын 

беретін  мүмкіндіктер  артуда,  бұған 

қажетті  жағдай  жасалынуда.  Сол 

жаңа  мүмкіндік  пен  жағдайларды 

қаншалықты  дұрыс,  ұлттық  мүдде 

үшін пайдаланудамыз? Ендігі өлшем 

де,  сұраныс  та  осы  тұрғыдан  өріс 

алмақ.  Оқушыларға  қазақ  мәдение- 

тінің  құндылығын  жеткізудің  қан- 

дай тәсіл-тәжірибелері жинақталын- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет