301
рін атап көрсеткен жазушы өз кезін-
дегі туған халқына келгенде мүлде
басқаша бағытқа түседі.
Халыққа кері әсер етуші сырт күш
ретінде отарлаушы ел Ресейдің әкім-
шілік билеу жүйесін айыптайды.
Автор «Қазақтың ұлттық қалпы
өзгерді. Тірлігі, мақсаты басқа, ниеті
шалғай, суық бауыр жаттың қолына
тиді. «Қазаншының еркі бар, қайдан
құлақ шығарса» деген халге ұшыра-
ды. Кемеңгер билердің заманы құ-
рып, адамды мал мен пұлға сатып
алатын заманға килікті», – деп, Ре-
сей отарлап алғаннан кейін бағы-
нышты, «тыныш» күйдегі қазақ хал-
қының бірнеше ғасырлық еркін, жа-
уынгерлік сипаттағы өмірден қалып-
тасқан ірі мінездерден айырыла бас-
тауының себептерін талдаған. Әсі-
ресе, отарлаушы ел орнатқан әкім
(болыс, аға сұлтан) сайлау жүйесі-
нің, «партияның» халықты аздырып
бара жатқанына өкінеді. Өткен кезең-
дегі қазақтың ірі мінездерінің орны-
на енді «ұрлық, зорлық, қорлық, өті-
рік, өсек, алдау, қулық, сұмдық, ай-
дату, байлату, кісі өлу – рақымсыз-
дық, жалған мақтан, ынсапсыздық,
тұрақсыздық, жалқаулық» сияқты
қасиеттердің үдеп, өсіп бара жатқа-
нын, бұрынғы батырлардың ауыл-
үйдің арасындағы ұрлыққа былға-
нып жүргенін, бұрынғы бидің ұсақ-
танып сатыла бастағанын халықтың
әлеуметтік өзгерістерге берген «жа-
уабы» ретінде көрсетеді.
«Қазақ ішіндегі партия неден?» атты
мақаласында бұл ойларын әрі қа-
рай нақтылай, дамыта түседі. «Қазақ
халқы қысымсыз, еркін өскен таби-
ғатына лайық өскен жауынгер мінез-
ді келіп, билеу тәртібінде қысым қа-
руы көп орыс қолына тиді... Халық-
тың бетіндегі бұрынғы келе жатқан
жауынгерлік мінез қаққы көріп, өмір
жолынан шығып қалды», – деп, ха-
лықты аздырушы күштің атын тіке-
лей атап, «ездікке мінген кең, салақ,
сөзуар» мінездің шығу төркінін анық-
тай түскен. Мұнымен қатар, қазақ,
халқының өміріне ене бастаған тұр-
мыстағы жаңалықтар, отырықшы
тұрмыстың белгілеріне сын көзбен
қарап, қысы-жазы ауасы таза киіз
үйде ыстық-суыққа шынығып өскен
қазақтардың қыста жер үйлерге кі-
ріп, ылас, сыз ауадан аурулы бола
бастағанын, саушылығы аз денеде
кеселді мінездің тез орнығатынын
байыптайды. Авторлар мұндай ой-
ларын халқының болашағын ойла-
ғанның ұлтшылдық, ағартушылық
мақсаттары тұрғысынан айтып отыр.
Жазушының жоғарыда аталған
мақалаларының астарында, кей жер-
лерінде ғасырлар бойғы еркін көш-
пелі өмір, кең дала, тұрмыс сипаты,
ішкен асы қалыптастырған қазақ
халқының жақсы қасиеттері – кең қол-
тық қонақжайлығы, жұмсақтығы, кең
пейілі, ұшқыр ойлы дарындылығы
да көрсетіліп отырады.
Адамтану саласындағы ғылымдарда
(анатомия, физиология, медицина,
этнопсихология, т.б.) ішкен асы бе-
локқа (ет, сүт тағамдары) бай, бос
уақыты мол адамдар тобының ой
ұшқырлығы (реактивтік) ерекше бо-
латынын дене күші, ептілігі, жыл-
дамдығы жоғары деңгейде екенін
дәлелдеген. Керісінше, еңбегі ауыр,
уақыты аз, ішкен асы негізінде өсім-
діктен тұратын халықтардың шы-
дамды, табанды келетінін айтады.
Осының бір қарапайым мысалы –
Достарыңызбен бөлісу: