Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет432/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


306

Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің 

тәлім-тәрбие  тақырыбында  жазған 

еңбектерінің  ішінде  «Психология» 

деп  аталатын  көлемді  еңбек  айрық- 

ша  атауға  тұрарлық.  Өйткені  бұл  – 

бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар 

тіліндегі  сол  кездегі  бірден-бір  төл 

туынды.

Қырқыншы  жылдарға  дейін  әзір- 

байжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, баш- 

құрт,  татар  т.б.  тілдерде  мұндай  ең- 

бектердің болмағанын ескерсек, осы 

басылымның бағасы ерекше арта тү- 

седі.  Петербургтегі  әскери-медици- 

налық  академияның  түлегі  Халел 

Досмұхамедов  (1883-1939)  Алаш 

қозғалысының  белсенді  қайраткері 

болумен  қатар,  әртүрлі  ғылым  са- 

ласында (медицина, физиология, та- 

рих,  әдебиет,  психология,  т.б.)  өзін 

үлкен  биіктен  көрсеткен  тұлға  еді. 

Ол қазақ этнопсихологиясының ірге- 

тасын  қалаушылардың  бірі  болды. 

Оның «тіл – жұрттың жаны. Тілінен 

айырылған жұрт – жойылған жұрт...  

Өз  тілін  білмей  тұрып,  жат  тілге 

еліктей беру – зор қате» деуі қазіргі 

кездегі  мемлекеттік  тілді  өркендету, 

дамыту мәселесімен ерекше үндесе- 

тіні хақ.

Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев 

(1893-1937)  «...  қазақ  баласының 

тәрбиесі  қазақ  тұрмысына  қабысуы 

мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Пе- 

дагогика»  атты  кітабындағы  пси- 

хологиялық түйіндердің негізгі арқа- 

уы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я. 

Струминскийдің  (1880-1967)  «Пси- 

хология» атты көлемді еңбегі жарық 

көрді. Сол жылы Ташкентте П.Н.Ар- 

хангельскийдің  «Мектептегі  психо- 

логиялық  зерттеулер»  деген  еңбегі, 

Н.Құлжанованың  «Мектепке  дейін- 

гі  тәрбие»,  Ғ.Қарашевтің  «Педаго- 

гика»  атты  төл  туындылары  жарық 

көрді.  1935-1948  жылдар  арасында 

Семейде  қызмет  еткен  белгілі  орыс 

психологі  А.П.Нечаев  (1870-1948) 

«Психофизиологиялық  синдромдар 

жүйесі»  (1940),  «Психология»  атты 

оқу құралын жазды. 30-40 жылдары 

психологияға  қатысты  зерттеулерді 

қазақ  ғалымдары  да  (Ш.Әлжанов, 

С.Балаубаев,  С.Қожахметов,  Ә.Сы- 

дықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, т.б.) 

жүргізіп  келді. Соғыс  жылдары  елі- 

мізде қызмет еткен профессор Г.С.Кос- 

тюк, профессор В.Я.Резник, профес- 

сор  П.М.Рубинштейн  т.б.  респуб- 

ликадағы  психология  ғылымының 

дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстан- 

дағы  психология  ғылымы,  әсіресе, 

Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар- 

да елеулі қарқынмен дами бастады.

Мәселен,  1946  жылы  Қазақ  педаго- 

гикалық институтында (қазіргі Абай 

атындағы Қазақ Ұлттық педагогика- 

лық университеті) тұңғыш рет психо- 

логия  кафедрасы,  1947  жылы  Қазақ 

университетінде  логика  және  пси- 

хология  мұғалімдерін  даярлайтын 

арнаулы  бөлім  ашылды.  1951-1953 

жылдары осы бөлімді жүзден астам 

түлектер  бітіріп  шықты.  Бұлардың 

көпшілігі  психология  мамандығын 

иеленіп, еліміздің оқу орындарында, 

ғылыми  мекемелерде  қызмет  ете 

бастады.

Осы жылдары республика үшін пси- 

хологтар даярлауда профессор Т.Т.Тә- 

жібаев  (1910-1964)  пен  профессор 

И.Л.Стычинский  (1896-1969)  зор 

үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақ- 

станның  өзінде  психология  ғылы- 

мынан бірнеше диссертация қорғал- 

ды  (Е.Суфиев,  АТемірбеков,  М.Мұ- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   428   429   430   431   432   433   434   435   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет