Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет433/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


307

қанов  т.б.).  Соңғы  50  жыл  ішінде 

көптеген ғылыми еңбектер, оқулық- 

тар мен оқу құралдары жарық көрді. 

Солардың  қатарына  М.Мұқановтың 

«Ақыл-ой  өрісі»,  Қ.Жарықбаевтың 

«Қазақ  психологиясының  тарихы», 

Т.Жүкештің  «Ұлттық  психология- 

ның  сипаты»,  Р.Илешованың  «Ме- 

дициналық  психология»,  Ә.Алдамұ- 

ратовтың  «Қызықты  психология», 

Ғ.Досболов-тың «Алдын ала тергеу- 

дің психологиясы» т.б. толып жатқан 

еңбектерді  жатқызуға  болады.  Пси- 

хология  тақырыбына  арналған  бір- 

неше ғылыми конференциялар (1962, 

1973,  1990,  1994,  1996,  1998,  2000-

2005  жж.)  өткізілді.  1988  жылдан 

бастап елімізде психологтар даярлау 

жаңа  қарқынмен  қолға  алынды.  Қа- 

зіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінде, Абай атын- 

дағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университетінде, сондай-ақ Алматы, 

Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл, 

Семей,  Ақтөбе,  Шығыс  Қазақстан 

университеттерінде  психологиядан 

бакалавр  мен  магистранттар  даяр-

лануда, орта мектептерде «психолог» 

мамандығының  штаты  енгізілді, 

ҚазҰУ-де  академик  Т.Т.Тәжібаев 

атындағы этнопсихология орталығы, 

Алматы  облыстық  «Ұлттық  тәлім-

тәрбие»  қауымдастығы  (1991-2001) 

ондаған  психология  кафедралары 

жұмыс істейді.

Қазіргі  кезде  психологиялық  зерт- 

теулердің кешенді тақырыптары қол- 

ға  алынып,  оларды  ұлт  өміріне 

орайластыра  жүргізудің  маңызы  ар- 

тып  отыр.  Осы  тұрғыдан  келгенде, 

ауыл-село  мектептерінің  әлеуметтік 

психологиялық  мәселелері,  мал  ша- 

руашылығына қажетті мамандардың, 

сондай-ақ,  жаңа  типтегі  лицей, 

гимназия, колледж, медресе шәкірт- 

терін  оқытып,  тәрбиелеудің  психо- 

логиялық  проблемалары,  талантты, 

дарынды  оқушылардың  өзіндік 

психологиясын, қостілдік пен көптіл- 

діктің  психологиялық  астарларын 

зерттеу, нарық экономикасына көшу- 

ге байланысты туындайтын сан алуан 

психологиялық жайттар алдағы жер- 

де  өз  шешімін  күтіп  тұрған  өмір- 

шең ғылыми мәселелер болып табы- 

лады.  Ортағасырлық  қазақ  ғалымы 

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-

1483)  жан  туралы  пайымдаулары 

ерекше  назар  аудартады.  Оның  бас- 

ты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп- 

теген  психологиялық  ұғымдар  (түй- 

сік,  ойлау,  сөйлеу,  қиял,  дағды  т.б.) 

туралы қызықты мағлұматтар бар.

Ол  өзінен  бұрын  өмір  сүрген  ұлы 

ғұламалардың  (әл-Фараби,  Жүсіп 

Баласағұн т.б.) жан туралы түсінікте- 

ріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің 

басқарушы, реттеушісі жүрек дейді. 

Сөйте  тұра  жан  құбылыстарын  бас- 

қаруда  мидың  атқаратын  рөлін  де 

жоққа шығармайды. Оның адам есіне, 

ойлауына  байланысты  айтқандары 

ғылыми тұрғыдан дәйекті де наным- 

ды.  Мәселен,  оның  пікірінше  ес  – 

көрген, естіген нәрсені жадында сақ- 

тау үшін аса қажет. Адам тез аңғар- 

ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш 

болуы тиіс («... тез, шапшаң, жеткілік- 

ті  аңғарып,  ойға  қонымды,  көңілге 

толымды, өте нанымды, бүге-шегесі- 

не дейін ойда сақтау»).

Автор  есті  дамыту  үшін  көптеген 

тау-тас, жер-су және жан-жануарлар- 

дың  аттарын  жаттап  алудың  қажет- 

тілігіне  үлкен  мән  береді.  Адамның 

есте  сақтау  қабілетінің  ойдағыдай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   429   430   431   432   433   434   435   436   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет