Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет440/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзД

ҚАЙТ


311

ды  есте  сақтау  немесе  жаттап  алу 

мақсатымен  бірнеше  рет  пысықтау. 

Есте  сақтауға  арналған  тәсілдердің 

жетекші  орындағысы  ретінде  пай- 

даланылады.



ҚАЙТА  ЖАСАУ  ҚИЯЛЫ  –  бұл 

біреудің  жазған-сызғанына  қарап 

адамның  соны  өңдеп,  толықтырып, 

қиялында  жаңғыртуы.  Қ.ж.қ.  арқы- 

лы  адам  шындыққа  сай,  дұрыс  бей- 

нелейді. Бұл үшін түрлі сипаттау, кес- 

те  сызықтарын  дұрыс  түсіне  білу- 

мен  қатар,  адамда  өмірден  алынған 

көрнекті  бейнелердің  жеткілікті  қо- 

ры  болуы  қажет.  Қ.ж.қ.  тәрбиелеу- 

дің басты жолы – көркем әдебиеттер- 

ді  оқу.  Бірақ,  тек  оқи  бергенмен 

қиял өспейді. Мәселен, үстіртін, тек 

«қызық»  жерін  теріп  оқудан  қиял 

дамымайды.  Қиялды  өсіру  үшін  кі- 

тап  мазмұнын  ойға  түйіп,  оны  көр- 

гендей, естігендей болып отыру қажет. 

Мәселен,  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай» 

романын қиялы бай адам оқитын бол- 

са, ондағы кейіпкерлер мен түрлі оқи- 

ғалар оның көз алдында елестеп, гал- 

лереядағы  суреттей  жайнап  тұрады. 

Бұл – қайта жасау қиялының көрінісі.

Мұндайда адам авторлардың сурет- 

теп жазғандарын көз алдында тұрған- 

дай  көріп,  тіпті  сөйлеген  сөздерін 

есіткендей  де  болады.  Өзін  роман- 

ның кейіпкерлерімен бірге жүргізіп, 

бірге тұрғандай сезінеді. Қ.ж.қ. өріс- 

тетіп,  тәрбиелеудің,  екінші  шарты, 

оның  тамаша  мектебі  географиялық 

карталарды  оқып  үйрену,  алда  көр- 

сетілген объектілердің (өзен-көл, жер 

атаулары, мелекет, қала атаулары т.б.) 

жер  шарының  қай  бөлігінде  орна- 

ласқанын бұлжытпай таба білуге ма- 

шықтану. Карта бетінде «саяхат» жа- 

сай  білу  адам  қиялына  планетаның 

түпкірөтүкпірлерін  елестете  алады, 

кісіге адам аяғы баспаған талай алыс 

жерлерді  «көргізіп»  қиялын  шарық- 

татып, ойлауын дамытып, түрлі кеңіс- 

тіктен бағыт-бағдар іздестіруге мүм- 

кіндік туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет