Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет430/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


305

баланы  ерекше  қадірлеп,  қастерлеп, 

әлпештеді. Оны әдемілік пен әдепті- 

ліктің, сұлулық пен іңкәрліктің симво- 

лы деп, ал мінезі жайсаң, әдепті жі- 

гітті «қыз мінезді жігіт екен» дейтін 

болды. Қоғам өмірінде қазіргі кезде 

жүріп  жатқан  терең  саяси-экономи- 

калық өзгерістер халқымыздың баға 

жетпес рухани байлықтары: тіл мен 

ділі, діні мен тарихы, өнері мен әде- 

биеті, табиғи ортасы, күн көрісі мен 

шаруашылығына  (қолөнері,  киім-

кешегі, ою-өрнегі, әуез аспаптары, үй 

жиһазы т.б.) байланысты небір асыл- 

дарды,  қысқасы,  бүкіл  болмыс-біті- 

мін  (менталитетін)  жаңартып,  жаңа 

мазмұнмен байытуда.

Әрине,  еліміз  бен  жеріміздің  түпкі- 

лікті иегері – қазіргі қазақтардың жа- 

ңа психологиясында осы этносқа ға- 

на тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар 

деп айту қиын. Өйткені, қазақ этно- 

сының  қазіргі  бүкіл  тыныс-тіршілі- 

гінде, от басындағы әдет-ғұрпы мен 

салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорал- 

ғысында  кеңбайтақ  өлкемізді  біраз- 

дан бері мекендеп келе жатқан басқа 

этностар  мінездерінің  элементтері 

де  көрініс  беріп  жүр.  Десе  де,  бәз 

біреулер айтып жүргендей, біз жыл- 

қы  мінезділіктен  айырылған,  «қой 

мінезді» момын, жуас, намысы жан- 

шылған  халық  емеспіз.  Жеріміздің  

ұлан-ғайыр  кеңдігімен,  мұндағы  та- 

биғат  сұлулығының  әсерінен  ғасыр- 

лар  бойы  қалыптасқан  дарқан  жо- 

марттылық,  адамға  деген  мейірім- 

ділік пен өнерпаздық, қазақ биосфе- 

расының өзіндік ерекшелігінен туын- 

даған асқан қонақжайлылық, жойқын 

соғыс  пен  қуғын-сүргінге  ұшырау 

салдарынан  тырнақтап  жинаған  ру- 

хани  мұраны  өсер  ұрпаққа  жеткізу 

ниетінен  қалыптасқан  балажанды- 

лық,  үнемі  мал  шаруашылығымен 

айналысумен қанымызға сіңген мал- 

жандылық,  еш  уақытта  басқа  жұрт- 

тың жеріне көз алартпаған бейбітшіл 

саясат,  өзі  тиген  дұшпанының  қа- 

бырғасын  қақыратқан  көзсіз  батыр- 

лық,  «мың  өліп,  мың  тірілген»  кез- 

дердегі  керемет  шыдамдылық    пен 

барға    қанағатшылдық  –  біздің  ұлт- 

тық  мінезіміздің  жоталы  бітістері, 

халқымыздың ұлттық мақтанышы.

«Бұрынғы уақытта, – деп жазды Ж.Ай- 

мауытов  пен  М.Әуезов  «Қазақтың 

өзгеше мінездері» деген мақаласын- 

да – қазақ елі ұйымшыл, ері жауын- 

гер,  биі  әділ,  намысқор,  адамы  ірі, 

бітімді, қайратты, сауықшыл ел бол- 

ған екен. Досымен достасып, жауы- 

мен  жауласуға  табанды,  қайғыра  да 

қуана да білетін халық екен» – дейді 

(Алаш, 1917, 30 наурыз, N16). Қазіргі 

ұрпақ осынау ұлттық қасиеттерімізді 

ерекше қастерлеп, мақтан тұтып, жас 

өскіндер  гуманистік  рухта  тәрбие- 

ленгендері дұрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет