Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет438/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАзАҚ

ҚАзАҚ


310

ҚАзДАУЫСТЫ  ҚАзЫБЕК  ӘЛІ- 

БЕКҰЛЫ (1667-1764). Орта жүздің 

биі. Оның толғауларында қазақ пси- 

хологиясына қатысты көптеген мәсе- 

лелер  сөз  болады.  Мәселен,  ол  жас 

ұрпақтың  тегіне,  тұқымына  тартып 

туатынын сөз етеді, («Бір бала бар – 

атаға жете туады, бір бала бар – ата- 

дан өте туады, бір бала бар – кері ке- 

те  туады»,  «Атадан  жақсы  ұл  туса, 

ерінің туы болады, Атадан жаман ұл 

туса, көшінің ең соңы болады» т.б.).

Ол халқымыздың ағайын-тума, жек- 

жат-жұрағат  қарым-қатынастарына 

байланысты  терең  түйіндер  айтқан 

(«Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы 

болса,  апайың  жақын,  Бауырмал 

болса,  інің  жақын,  Инабатты  болса, 

келінің жақын, Алдыңа тартқан адал 

асын,  Қимас  жақын  –  қарындасың, 

Сыбайлас  болса,  нағашың  жақын, 

Адал болса, досың жақын» т.б.). Ор- 

та жүздің ұлы биі отансүйгіштік, пат- 

риотизм  мәселелеріне  ерекше  көңіл 

бөлген («Алтын ұяң – Отан қымбат, 

Құт  берекең  –  атаң  қымбат,  Туып 

өскен елің қымбат, Кіндік кескен же- 

рің  қымбат,  Ұят  пенен  ар  қымбат» 

т.б.). Қазыбек бидің 15 жасында Қал- 

мақ  еліне  барғанда  айтқан  отансүй- 

гіштік сөзінің өзі қазіргі біздерді қай- 

ран қалдырады («Сен қалмақ болсаң, 

біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз, Сен 

темір болсаң, біз балқытқалы келген- 

біз, Қазақ-қалмақ баласы табысқалы 

келгенбіз,  Танымайтын  жат  елге  та- 

нысқалы келгенбіз...Сен қабылан бол- 

саң,  біз  арыстан,  алысқалы  келген- 

біз, Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бер- 

месең  дірілдемей  жөніңді  айт,  Не 

тұрысатын жеріңді айт т.б.).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   434   435   436   437   438   439   440   441   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет