Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет459/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   877
ҚОЙБ

ҚОНА


325

тілік  пен  инабаттылықтың  тамаша 

көрінісі деп түсінеді. Қазақ халқының 

жомарттығы мен мырзалығы туралы 

айтқандары да тәлім-тәрбиелік жағы- 

нан аса маңызды.

Қазіргі  нарық  экономикасына  көшу 

кезеңінде  елімізде  меценаттық  дәс- 

түрдің үрдісін түсіне алмай, табысқа 

белшесінен  батып  жүрген  қалталы- 

ларға X.Дулатидің әсіресе мына сөз- 

дері арнап айтылғандай: «Менің жақ- 

сы көретін екі атым бар, ол екеуі де 

бір, қалған жылқым да бір... Біз саха- 

ралық  адамдар  бір  ғана  жылқының 

күшімен тіршілік етеміз. Маған бұл 

екі аттан өзге ешбір ат сенімді емес. 

Бірақ, Сіз ең қадірлі меймансыз ғой, 

сондықтан таңдаған біреуін алыңыз».

Бұрынырақта  қазақ  ауылдарына  қо- 

нақтар  есепсіз  көп  келіп  жататын. 

Әрине,  олардың  арасында  сыйлысы 

да, қадір-қасиеті кемдері де кездесе- 

тін. Бірде әрі батыр, әрі шешен Сы- 

рым  Датұлы  (1725-1802)  үйіне  қо- 

нып  отырған  сыйлы  қонағы,  белгілі 

Төленді  биден:  –  Биеке!  Қазақтың 

қонағы неше түрлі болады, соны айы- 

рып беріңізші  деп өтінген екен. Сон- 

да би: – Қазақта төрт түрлі қонақ бар. 

Олар:  арнайы  қонақ,  құдайы  қонақ, 

қыдырма  қонақ  және  қылқыма  қо- 

нақ,  деп жауап беріпті. – Ал, олардың 

бір-бірінен қандай айырмасы бар? – 

деп сұрағанда, Төленді би мұны әр- 

мен  қарай  былай  деп  түсіндіреді: 

Арнайы қонақ  алыстан әдейі іздеп 

келген тума-туыстарың, жолдастарың.

Бұлар  нағыз  сыйлы,  сағына  күткен 

қонақтар. Оларға деген құрмет, сый-

сияпат «жат жанынан түңілетіндей» 

дәрежеде болуға тиіс. Құдайы қонақ  

бейтаныс, шалғай елден, алыс жерден 

жолаушылап  жүрген  тосын  қонақ. 

Олар нағыз сауабы тиетін қонақтар. 

Оларды  да  ықылас-ынтамен  қарсы 

алып, дұрыстап күткен жөн.

Қыдырма  қонақ    ерігіп,  желігіп, 

үйден-үйді,  ауылдан-ауылды  кезіп, 

сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет 

жеуді  әдетке  айналдырған  сандалма 

қонақ. Қылқыма қонақ – түтіні түзу 

шыққан  үйлерді  торып,  құлқыны 

үшін аузына салғанын шала шайнап, 

қылқытып  жұтып,  тағы  бір  түтіні 

шыққан үйге тарта жәнелетін  нағыз 

сұғанақ қонақ. Соңғысын халқымыз 

ұнатпай,  «күнде қонақ» деп те әжуа- 

лайды. Қазақтар үшін сыйлы қонақ- 

тың бірі  «құдайы қонақ». Бұл жо- 

лаушылап келе жатқан, түскен үйіне 

ешбір  туыстық,  не  таныстық  қаты- 

насы жоқ, бейсауат кісі.

Дегенмен  құдайдың  атын  атап  кел- 

ген соң, мұндай қонаққа ерекше сый- 

сияпат білдіріп, қонақасы беру – әр- 

бір  отбасының  борышы.  «Құдайы 

қонақты» үйіне қондырмай жіберген 

адам  ауыл,  ел-жұрт  алдында  «қара 

бет»  атанып,  беделінен  айрылған. 

Халқымыз  қонақты  ілтипатпен  қар- 

сы  алу,  оны  күту,  құрметтеп  шыға- 

рып салу дәстүрін ерекше қастерлеп, 

оны  ұрпақтан-ұрпаққа  үлгі-өнеге 

ретінде  үйретіп,  мұны  отбасы  тәр- 

биесінің басты бір саласы деп түсін- 

ген. Келген қонаққа қонақасы беруде 

де үлкен мән бар. Қазақ халқы қонақ 

күтуге әрдайым дайын отырған.

Ол  үшін  үйде  ас-дәм  қорын  жинап, 

тіпті  соятын  малын  өріске  жіберме- 

ген.  Қонаққа  дәмді  аспен  бірге  жы- 

лы  лебіз  де  керек.  Оларды  құшақ 

жайып,  қуана  қарсы  алып,  жағдай 

жасау  үй адамдарының басты мін- 

деті. Келген кісіні аттан түсіріп алу, 

ат-көлігін жайлау, сырт киімін шешкі- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет