39
ріп, өз халқының ғасырлар бойы жи-
нақталған мәдени мұрасын, тамаша
психологиясын мақтаныш етті. «Біз-
ді, – деп жазды ол, – өзгелер табиғаты-
нан ақылды, іскер халық деп ойлай-
ды. Осының шындығын іс жүзінде
көрсетуіміз керек... Қазақ – табиғаты-
нан ақынжанды, дарынды халық», –
деп жазды Ы.Алтынсарин «Орынбор
листогы» газетіне жазған бір мақа-
ласында.
АЛЫСТАН КөРГІШТІК – көздің
жарық сәулесін дұрыс сындырмауы-
нан туатын ауытқулардың бір түрі. Бұл
кемістік салдарынан бір заттан шық-
қан параллель сәулелер фокусы көз
ішінде бағытын өзгертіп, сынғаннан
кейін көз торының арт жағына түседі.
Шын мәнінде, «алыстан көргіштік»
деген сөз өз мағынасына сәйкес кел-
мейді, өйткені ондай адам затты алыс-
тан да, жақыннан да анық көре ал-
майды. Алыстан көруді рефракцияны
күшейтетін дөңесті көзілдірік арқы-
лы жүзеге асыра алады.
АЛЬТРУИзМ – негізгі орталық мо-
тив немесе адамгершіліктік бағалау-
дың белгісі басқа адамның немесе әлеу-
меттік қауымның мүддесі болып та-
былатын тұлғаның құндылықтық бағ-
дарлар жүйесі. Басқалардың мүдде-
лерін ескеріп отыратын мінез-құлық,
әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және
даралыққа кереғар мінез ретінде қа-
растырылады. А. термині француз
философы О.Контпен эгоизм ұғымы-
на қарама-қарсы ұғым ретінде енгі-
зілді. А. негізгі идеясы – басқа адам-
дардың мүддесі, игілігі үшін атқа-
рылатын прагматикалық мақсатқа
бағытталмаған іс-әрекет. А. адамның
саналанған құндылығына айналып,
оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды.
Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасы-
на айналады. А. – абсолютизациялау
да оны мүлдем бағаламау сияқты те-
ріс ұстаным. А. адамдардың күнделік-
ті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс-
әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді
іске асырудан тұратын әлеуметтік-
психологиялық феномен де болып та-
былады. А. іске асырудың механизмі
болып (мысалы, өз өмірімен жан ке-
шумен баланы құтқару) нақты қауіпті
жағдайларда жанданатын жағдаяттық
альтруистік бағдар табылуы мүмкін.
АМНЕзИЯ (грек. а – болымсыздық
жұрнағы және – қаз. жад, есте сақ-
тау)
– мидағы локалдық (бір бөлігі-
нің) зақымдалуынан пайда болатын
адамның есте сақтау қызметінің бұ-
зылуы. А. мидағы тежелу, өшу заңды-
лықтарына байланысты немесе ми-
дың түрлі локалды зақымдалуынан
пайда болатын, бірнеше минуттан
кейде бірнеше жылға созылатын ес-
тің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың
зақымдалуына немесе әртүрлі науқас-
тыққа, психиканың функцияларының
бұзылуына байланысты болады. А.
ең ауыр түрлерін ең алғашында Кор-
саковский сипаттағандықтан, Корса-
ковский синдромы деп аталып кеткен.
А. бірнеше түрлері бар: Антиретрог-
радтық А. – аурудың басталғанынан
кейін немесе жарақат алғаннан кейін
болған оқиғаларды есте сақтай ал-
мау. Инфантилді А. – өмірдің бастап-
қы кезеңдерінде – алты жастан сегіз
жасқа дейінгі аралықта болатын А. тү-
рі. Истериялық А. – түбірі инфантил-
ді А. басталған кейбір невротиктер-
де кездесетін А. айрықша түрі. Қорға-
Достарыңызбен бөлісу: