ҚЫСҚА МЕРзІМДІК ЕС – түрлі
мәліметтерді есте сақтағанда оларды
аз уақыт аралығында қолдану мүм-
кіндігін пайдаланып есте сақтай алу.
Лезде қабылдаған нәрселердің бейне-
сі адамның көз алдына елестеп, құла-
ғына дауысы естіліп тұрғандай бола-
ды. Мұндай үрдістер тұрақсыз. Де-
генмен, бұл жәйттің сырттан алына-
тын ақпараттарды есте сақтап, олар-
ды қайта жаңғыртуда өзіндік маңы-
зы бар.
ЛАБИЛДІК – (лабильность; лат.
labilis – сырғығыш, орнықсыз, ор-
нықсыздық) – жүйке жасушасы не
функциялық құрылым уақыттың бір
өлшемінде бұрмаламай бере алатын
импульстердің ең көп саны. Л. тер-
минін Н.Е.Введенский ұсынған.
Дифференциалдық психологияда Л.
жүйке үрдістерінің пайда болуы мен
тоқтауын сипаттайтын жүйке жүйе-
сінің қасиеттерінің бірі болып табы-
лады. Л. (өзгергіштік, орнықсыздық) –
жүйке процестері – импульстердің
пайда болуы мен аяқталу жылдамды-
ғын сипаттайтын жүйке жүйесі қа-
сиеттерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |