345
ерекше байқалады. Мәселен, кейбір
балалар кішкентайында автомобиль-
ге, тракторға, жалпы техника атаулы-
ға әуесқой келеді. Мұндай балалар-
дың есіл-дерті машина болып, уақы-
тының көбін соның айналасында өт-
кізеді, олардың маркасын жақсы айы-
ра алатын болады. Кейін осы бала
мектеп қабырғасында физика, қол
еңбегі сияқты пәндерді бар ықласы-
мен оқиды, ал мектеп бітіргеннен
кейін сол балалардың біразы жасы-
нан өзі жақсы көретін техника сала-
сында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабі-
леттерін жақсы көрсетеді.
Қызығу құбылысының табиғаты өте
күрделі. Ол ең алдымен өзінің көлемі
жағынан ажыратылады. Осы тұрғы-
дан бір адамның қызығуы кең, жан-
жақты болып келеді де, екінші біреу-
дікі керісінше өте тар болады. Қызы-
ғуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның
образын Н.В.Гоголь шығармалары-
нан көптеп кездестіруге болады. Мә-
селен, «Шинель» әңгімесіндегі Ака-
кий Акакиевич қағаз көшіруді өз
өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіп-
ті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос
уақытының барлығын қағаз көшіріп
жазуға арнайтын болған, осы ісіне
қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың бо-
луы мүмкін. Бірақ, осылардың ішін-
де басты біреуі, ең басыңқы қызы-
ғуы болады. Мұндай қызығулар әсі-
ресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу
қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақ-
ты, мазмұнды болуы баланың сабақ
үлгіруіне, білімді терең алуына көп
жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары
балаларда оқу мотивтерінің дамуы-
на байланысты қалыптасып отырады.
Адамда қызығудың жөнді көрінбеуі
оның өмірін мазмұнсыз етеді. Мұн-
дайда ол енжар болып, іші пысады,
зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың
мазмұнды, әрі кең, өрісті болуы –
оның басты ерекшеліктерінің бірі.
Мұнысыз адамның рухани өмірі
дамымайды. К.Маркс бір сөзінде:
«Адамға лайықтың бәрі де маған
жат емес» деген екен. Бұл қызығуы
шар тарапты дамыған адамның ғана
айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қа-
сиетке айналған адам ғана іс-әрекет-
тен жақсы нәтиже шығара алады,
ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге
қызығады да, сайып келгенде, оның
бір де біреуіне жөндеп тұрақтамай-
ды. Мұндай «көрсе қызар» әуесқой-
лық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз ете-
ді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен
болса, бұл – үлкен кемшілік. Қызығуы
тұрақтанбаған адам қызметтің қай
саласында болмасын пәрменді еңбек
ете алмайды. Тек тұрақты қызығу
ғана адамның бүкіл бойын билеп,
қандай бөгеттер болса да жеңе білу-
ге, небір ауыртпалықты көтере бі-
луге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен ба-
ғытына қарай: материалдық, қоғам-
дық, саяси, кәсіптік, эстетикалық,
оқырмандық, спорттық, танымдық
т.б. болып келеді. Бұлардың әрқай-
сысы өз алдына бірнеше түрге бөлі-
неді. Мәселен, таным қызығулары
оқуға, ғылымға қызығу, (математика,
химия, биология, философия т.б.);
кәсіптік қызығулар сан салалы кәсіп-
тің түрлеріне байланысты, эстетика-
лық қызығулар кино, театр, музыка,
бейнелеу өнеріне т.б. орай бөлініп
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: