ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ –
1) психологияның пәні, сана элемент-
тері және олардың арасындағы арна-
йы жаттыққан интроспекция арқылы
табылатын құрылымдық қатынастар
деп санаған бағыт. ХХ ғ. басында
пайда болды. Америкалық психолог
Э.Титченер (1867-1927) негізін сал-
ды. Сана құрылымында элементтер-
дің үш санаты: түйсіну, бейне және се-
зім сараланды. Бірақ қабылдаудың
заттық сипаты мойындалмады. Құры-
лымдық психологияны гештальтпси-
хология, функциялық психология,
бихевиоризм мектептері сынады;
2) Ж.Пиаженің когнитивті даму тео-
риясы; Э.Титченер теориясынан өз-
гешелігі – мұнда Ж.Пиаже зияттың
негізінде жатқан ой түсініктерінің
құрылымдарын қарастырады; 3) Клод
Леви-Стросстың антропологиялық-
социологиялық ықпалы. Мұнда әлеу-
меттік ұйымдасу мен әлеуметтік құ-
рылымдар қарастырылады.
ҚЫзЫҒУ – шындықтағы заттар
мен құбылыстарды белсенділікпен
танып, білуге бағытталған адамның
біршама тұрақты жеке ерекшелігінің
бір көрінісі. Сонымен қатар қызығу-
да бір нәрсені ерекше таңдап, соған
зейін қойылады. Адамды еліктіріп,
өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығу-
дың объектісі болып табылады. Қы-
зығудың физиологиялық негізі –
«Бұл не?» дейтін рефлекс. Мәселен,
біреуді «футболға қызығады» десек,
ол адамның футбол ойынына үнемі
баратынын, футбол жөніндегі кітап-
тарды оқып отыратындығын, біреу-
мен әнгімелесуде де көбінесе осы
тақырыптың айналасында сөз қозғау-
ды тәуір көретінін байқаймыз. Сөй-
тіп адамның қызығуы бір нәрселерге
асыра зейін қоюдан, оған құмарту-
дан, соны үнемі ойлаудан көрініп
отырады.
Қызығулар да бейімдіктер тәрізді
балалардың кішкентай кездерінде
Достарыңызбен бөлісу: |