Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет501/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   877
МАҚА

МАҚА


356

ғы  қатынастар  да  мақал-мәтелдерге 

арқау болған.

Мәселен,  мақалдардың  бір  тобында 

(«Көптің  ойы  –  көл»,  «Халық  қар- 

таймайды», «Кеппе тентек болсаң да, 

көпке тентек болма». «Көптен бақыт 

құтылмас»)  адамға  қажетті  барлық 

игіліктерді жасаушы – халық, еңбекші 

бұқара;  қандай  керемет  адам  болса 

да  көптен,  халықтан  бөлек  жүріп 

өнімді ешнәрсе жасай алмайды, адам- 

дар бір-бірімен байланысып, тіршілік 

еткенде ғана өз қажеттерін, алға қой- 

ған мақсаттарын ойдағыдай орындап 

отырады  деген  сындарлы  пікірлер 

аңғарылады.

Адам  психологиясының  қалыпта- 

суында  ынтымақтасқан  еңбек  әре- 

кетінің алатын орны да ерекше еке- 

нін  халқымыз  жақсы  түсінген.  Мә- 

селен, «Жалғыздың ісі өнбейді», «Көп 

еңбегі көлмен тең», «Көп еңбегі пәр- 

менді»,  «Көп  еңбегі  көңілді»,  деп 

келетін мақал-мәтелдерде көппен қоян- 

қолтық, бірлесе еткен еңбек қана адам- 

ға  зор  қуат  беріп,  оның  қажеттерін 

өтеп, психикасын байытатыны, жал- 

ғыз кісінің өндіргені тамшыдай бол- 

са, көптің өндіретіні дариядай бола- 

тыны айтылған.

«Еңбек – ең негізгі тәрбиеші» деген 

идея осы топтағы мақалдардың негіз- 

гі арқауы. Мәселен, «Еңбек ширата- 

ды»,  «Еңбек-адамның  екінші  ана- 

сы», «Еңбектің көзін тапқан, байлық- 

тың  өзін  табады»,  «Қолы  қимылда- 

ғанның аузы қимылдайды», «Еңбегі- 

мен ер мүсінді», «Еңбек мұратқа жет- 

кізер», деген айшықты сөздердің мә- 

ні мынада: еңбек ету зор адамшылық 

қасиет,  іс-әрекетсіз  бос  жүру  адам- 

шылыққа  жатпайды,  кісіні  даңққа, 

мұратқа,  бақытқа  жеткізіп,  ер  атан- 

дыратын да, оның тұрмыс жағдайын 

жақсартатын да, сана-сезімі мен ақыл-

ойын  байытып,  нұрландыратын  да 

еңбек, сондықтан, «еңбексіз күн өт- 

кізу – ерсілік».

Қазан  төңкерісіне  дейін  халқымыз- 

дың негізгі кәсібі мал шаруашылығы 

болды. Кейінірек олар кәсіптің басқа 

түрлерімен  де  (егіншілік,  балық,  аң 

аулау  т.  б.)  айналыса  бастады.  Бұл 

жөнінде  де  мақал-мәтелдер  қызық- 

ты  пікірлер  айтып,  байсалды  түйін- 

дер  түйген:  «Мал  өсірсең  қой  өсір, 

өнімі оның көл-көсір», «Жылқы мал- 

дың қасқасы», «Мал жақсысы – сиыр», 

«Ексең  егін,  ішерсің  тегін»,  «Егін 

ексең тыңға, шықтым дей бер шың- 

ға»,  «Қырман  басы  береке»,  деп  ке- 

летін  мақалдар  жоғарыда  айтылған 

тұжырымға жақсы дәлел. Кәсіпті же- 

те меңгергенде ғана еңбектің береке- 

лі,  нәтижелі,  жемісті  болатындығы, 

бұлардың  адам  психологиясын  қа- 

лыптастыруда алатын орны жөнінде 

дұрыс пікір айтылады. Мәселен, «Он 

кәсіпті  шала  білгенше  бір  кәсіпті 

жақсы  біл»,  «Еңбек  те  ептілікті  ті- 

лейді», «Еңбекке бейім болсаң қата- 

рыңнан кейін болмассың», деген ма- 

қал-мәтелдерде  әр  істі  бір  бастап, 

аяқтамай тастап кете беру, айналыс- 

қан  кәсіпке  жете  мән  бермеу,  оған 

жеңіл-желпі қарау адамды енжар, жал- 

қау  ететіндігі,  әрбір  жұмыстың  өзі- 

не тән тәсілін, әдісін дұрыс меңгер- 

генде,  соған  бейімделгенде,  ептілік 

пен әрекет еткенде ғана еңбек өзінің 

шын  мәнісіне  ие  болатындығы  сөз 

болады.

Халық  әр  кәсіптің  өзіндік  ерекше- 

лігін де көре білген, бұлардың мәнін 

өзінше талдап, түсіндіруге тырысқан. 

Мәселен,  «Қой  семізі  қойшыдан», 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет