Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет503/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МАҚА

МАҚА


358

кеукеулеп аңға салғанның қызығы мен 

қатар қиындығы да мол нәрсе екенді- 

гі айтылған.

Халық  даналығы  адамның  тағдыры 

қоғаммен  шарттас,  экономикалық 

жағдай  адамның  моральдық-психо- 

логиялық  өзгешеліктерінің  түрліше 

бөліп қалыптасуына әсер етеді, әлеу- 

меттік теңдік жоқ жерде біркелкі пси- 

хологиялық сипат болмайды деп дұ- 

рыс тұжырымдайды. Мәселен, «Тұр- 

мыс  түзер  бойыңды,  бойың  түзер 

ойыңды»,  «Артық  байлық  адамды 

аздырады»,  «Кедей  мен  бай  жолдас 

болмас»,  «Дүниеқор  –  дүниенің  құ- 

лы»,  «Пара  жеп  би  семіреді»,  «Бай 

бауырын танымас», «Сауда достықты 

танымас»,  «Теңгелі  жерде  теңдік 

жоқ», деген мақал-мәтелдерде бай мен 

кедейдің  жүрер  жолының  бір  емес- 

тігі, байлар мен билердің және олар- 

дың  сойылын  соғатындардың  өле-

өлгенше дүниеге кезі тоймай, байыған 

үстіне  байи  түскісі  келетіндігі,  бұл 

жолда  адамгершілік  ар-намыс,  ұят-

ожданнан  жұрдай  болып,  қаталдық, 

мейрімсіздік т. б. осы секілді жағым- 

сыз қасиеттерді бойына жинай түсе- 

тіндігі сөз етіледі.

Мақал-мәтелдер еңбекші бұқараға да 

күн туатындығын («Өмір кезек», «Таң 

атпайын  дегенмен  күн  шыққанын 

қоймайды», «Батар күннің атар таңы 

бар», «Жарлы бойы жазылар, байлар- 

ға көр қазылар» т.б.) еске сала, «Ер- 

теңгі тауықтан бүгінгі жұмыртқа жақ- 

сы» дегендей болашақтан босқа үміт- 

теніп жүре бермей, үстем тап өкілде- 

ріне қарсы «бір жеңнен қол, бір жа- 

ғадан бас шығарып», бел шешіп, білек 

түрініп  белсене  күресу  керектігін, 

іштей кіжінгенмен, істің бітпейтінді- 

гін  («Кіжінуің  көп,  килігуің  жоқ») 

айтса, енді бір жерде: «Айрылған аза- 

ды, қосылған озады», «Бірлігі күшті  

ел озады, бірлігі жоқ ел тозады», «Бір- 

лік  болмай  тірлік  болмас»,  «Ырыс 

алды ынтымақ», «Біріккен жүз быты- 

раңқы  мыңды  алады»,  «Күш  –  бір- 

лікте», деп елді бірлікке, ынтымаққа, 

татулыққа шақырып, езілген таптың 

бірігуі керектігін («Табы бірдің ары 

бір»)  көпшілік  ат  төбеліндей  азшы- 

лықты жеңбей қоймайтындығын ес- 

кертеді. Мақал-мәтелдер, сондай-ақ, 

үстем тап өкілдерінің біріне-бірі жәр- 

демдесіп отыратынын айтады. («Шош- 

қа  да  шошқаны  жармайды»,  «Қарға 

қарғаның көзін шұқымас»).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет