Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет502/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   877
МАҚА

МАҚА


357

«Жақсы  қойшының  қозысы  түлеп 

тұрғанда,  жаман  қойшының  құнан 

қойы жүдеп тұрады», «Ат шаппайды, 

бап  шабады»,  «Жаман  қойшы  жай- 

лауын  бір  күн  жейді,  жақсы  қойшы 

жайлауын мың күн жейді», «Күтусіз 

мал желден азады, күтімді мал жем- 

мен  озады»,  «Қыстың  қырық  түрлі 

қыры  бар,  күтінбесең  қыста  малың 

қырылар», «Анық шаруа арығын ай- 

налдырар семізге» деген мақалдарда 

мал  бағудың  оңай  шаруа  еместігі, 

оның  да  өзіне  тән  ерекшелігі,  бұл 

кәсіппен  шындап  айналысқан  адам- 

ға табиғат құбылыстарының  құпия- 

сын  жақсы  білу,  байқағыштық,  қы- 

рағылық,  қатыгез  табиғатқа  қарсы 

тұра білуге қажетті табандылық, шы- 

дамдылық сияқты қасиеттердің көрік- 

тілігі, малды тек бағып қана қоймай, 

әр түліктің бабын, «тілін» таба білу 

қажет екендігі айтылады.

Егіншілік кәсібі жөнінде де қызықты 

деректер бар: «Егіннің жайын еккен 

білер»,  «Егініне  қарай  қырманы, 

күтіміне қарай түсімі», «Жақсы жыр- 

тып жеріңді, кезінде ексең егінді, алар- 

сың  мол  өнімді»,  «Тілін  білсең  тіл- 

дей  жерден  жылдық  өнім  аласың», 

«Әрбір  топырақ  аяласаң  иеді».  Осы 

айтылғандардан еккен нәрсенің бәрі 

өзінен-өзі  шыға  бермейтінін,  оны 

күту  керектігін,  егіннің  бітік  болуы 

диқанның  белгілі  тәжірибесін,  маң- 

дай терін қажет ететіндігін меңзейтін 

идеяларды жақсы байқауға болады.

Мақал-мәтелдерден  балықшының 

психологиясы  жөнінде  де  қызықты 

деректер табуға болады. Мәселен, «Ба- 

лық  аулай  алмаған  суды  ылайлар», 

«Балықтың құйрығы жылмағай, оны 

аулаған адам тынбағай», «Балықшы- 

ның үйдегісі май ішеді, түздегісі қан 

ішеді», деп халық балық аулау кәсібі- 

нің  қиындығын,  теңіз  толқындары- 

мен  арпалысудың  кез  келген  адам- 

ның қолынан келе бермейтіндігін, ол 

үшін батырлық, батылдық керектігін 

айтады.


Халқымыздың  отырықшылыққа  кө- 

шуіне байланысты пайда болған соң- 

ғы екі кәсіп, мақал-мәтелдердің, кө- 

бінде қосақтаса сөз болып отырады. 

Мәселен,  «Балықшының  үйіне  бар- 

саң қарма жерсің, егіншінің үйіне бар- 

саң жарма жерсің», «Балық бәсін бе- 

реді, егін есесін береді», «Егінші жыл- 

да  арманда,  балықшы  күнде  арман- 

да», «Егінші жерін мақтайды, балық- 

шы  көлін  мақтайды»,  деген  нақыл- 

дардан  бұл  екі  кәсіптің  әрқайсысы- 

ның өзіне тән ерекшеліктері мен қа- 

сиеттерін  және  соларға  сәйкес  оны- 

мен  айналысушы  адамның  өзіндік 

ерекшеліктерін  (егінші  тәжірибені 

жылда  жинаса,  балықшыкүнде  жи- 

найтындығы, әркімге өзі шұғылдан- 

ған  жұмыс  ғана  сүйкімді  болатын- 

дығы  т.б.)  көрсететін  топшылаулар- 

ды байқаймыз.

Халқымыздың  аңшылық  жөніндегі 

мақал-мәтелдерінен  аңшының  пси- 

хологиясы  белгілі  болып  тұрады. 

Мәселен,  «Шын  аңшының  алдына 

аңның өзі келеді», «Аңды я көрінбеген 

атады, я ерінбеген атады», «Құстың 

алғанынан салғаны қызық», «Қаршы- 

ға қанжыға қызартады», «Ителгі етек 

былғайды»,  «Ителгінің  қызығына 

қызсаң, қаршығаңды қамшы етерсің» 

дейтін нақыл сөздерде бүркіт, қаршы- 

ға,  тұйғын,  лашын,  ителгі,  қырғи 

сияқты тағы құстарды томағалап, тұ- 

ғырға отырғызу, оларды тазыға қосу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет