Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет545/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МІНЕ

МІНЕ


390

МІНЕзДІ  зЕРТТЕУДІҢ  ТАБИҒИ 

ЖОЛДАРЫ.  Мінездің  құрылымын 

зерттеу  оның  ең  алдымен  бітістерін 

жүйелеу, олардың өзара байланысын 

көрсету болып табылады.

Ақын-жазушылар адам мінездерінің 

көркем бейнесін жасағанда олардың 

жекелеген типтік бітістерін көрсету- 

ге тырысады. Бұл жерде адам мінез- 

дерінің  әсіресе  типтік  түсіну  үшін 

Гоголь мен Чеховтың қойын дәптер- 

леріндегі  жазбаларды  оқып  шығу 

жеткілікті дер едік.

Мінезді  түсінуде  интуиция  ерекше 

рөл атқарады. Интуиция шабыт сияқ- 

ты  тек  қана  еңбексүйгіш  адамдарға 

тән қасиет. Л.Н.Толстой «Жексенбі» 

романында былай деп жазды: «Адам- 

дар өзен сияқты: су бәрінде де бірдей 

және әруақытта да біреу, бірақ әрбір 

өзен  бірде  тар,  бірде  тез,  бірде  кең, 

бірде  тыныш,  бірде  таза,  бірде  сал- 

қын, бірде лас, бірде жылы. Адамдар 

да  соңдай.  Әрбір  адамның  бойында 

кісінің барлық қасиеттерінің негізде- 

рін кездестіруге болады ».

Адамның  мінез  бітістерінде  оның 

өмір тарихы күшті бейнеленеді. Сон- 

дықтан да мінезді зерттеуде міндетті 

түрде  адамның  өмір  сүру  тарихына 

көңіл бөлу қажет. 

Ерлік дегеніміз – алға саналы түрде 

қойылған мақсатты орындау жолын- 

да  кездескен  қиыншылықтарды  же- 

ңуге  даярлығы,  белсенділігі,  табан- 

дылығы. Адам өзінің өмірлік іс-әре- 

кетін, өзінің еркі мен санасының ны- 

санын  жасайды.  Еріктің  арқасында 

адам өз іс-әрекетін бағыттайды, рет- 

тейді, бақылайды. Жануарларда екін- 

ші сигнал жүйесінің болмауына бай- 

ланысты  саналы  мақсатқа  ұмтылу- 

шылық, сонымен қатар өз мінез-құл- 

қына  саналы  бақылауды  іске  асыру 

қабілеттілігі болмайды.

Жеке  тұлғаның  тұрақты  және  тұр- 

лаулы  белгілі  ерешеліктерін  мінез 

бітістері  деп  атайды.  Бұл  тұлғаның 

кездейсоқ қасиеттері емес, оның бү- 

кіл мінез-құлқының бірсыдырғы қа- 

лыптасып үлгерген бітістері.

Адамның  мінезінің  жекелеген  бі- 

тістерінің қоғамда болып жатқан өз- 

герістердің  әсерінен  жаңа  мазмұнға 

ауысады.  Мәселен,  нарықтық  қаты- 

настарға  байланысты  біздің  қоғам- 

дағы  адамдардың  психологиясын- 

да, сана-сезімінде, мінез бітістерінде 

нарық  талаптарына  сай  елеулі  өз- 

герістерді байқауға болады, адам мі- 

нез-құлқындағы  қалыптасқан  бұ- 

рынғы құндылықтар өзгеріске ұшы- 

рады.  Нарық  жағдайында  жекемен- 

шік  психологияға  негізделген  жаңа 

мінез бітістері қалыптасады.

Адамның мінез бітістерін екі негізгі 

топқа  бөліп  қарастыруға  болады. 

Бірінші топқа жеке тұлғаның бағыт- 

тылығын  білдіретін  мінез  бітістері 

жатады: қоғамға, ұжымға, басқа адам- 

дарға  қатынасын  білдіретін  мінез 

бітістері,  еңбекке,  сондай-ақ  өзіне-

өзінің  қатынасын  білдіретін  мінез 

бітістері кіреді.

Екінші  топқа  көзделген  мақсатты 

орындау  жолында  кездесетін  қиын- 

шылықтарды  жеңуге  бағытталған  – 

мінездің ерік-жігерлік бітістері.

Мінездің  темпераменттен  айырма- 

шылығы  –  адам  мінезі  бүкіл  өмір 

бойы белгілі дәрежеде өмір жағдай- 

ларына  байланысты  өзгеріп  отыра- 

ды. Мінездің қалыптасуының негізгі 

кезеңі балалық шақта іске асады. Ба- 

ланың мінезінің қалыптасуы алғаш- 

қы  дүниеге  келгеннен  бастап,  ата-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   541   542   543   544   545   546   547   548   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет