Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет553/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ОБСЕ

ОЙЛА


396

лай  алады.  Нәресте  айналасындағы 

дүниені  бірінші  сигнал  жүйесінің 

қызметі арқылы тани біледі. Ойлау- 

дың  бұл  түрі  оның  танымын  онша 

кеңіте  алмайды.  Баланың  тілі  шы- 

ғып, сөз арқылы үлкендермен қарым-

қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау 

шеңбері кеңейетін болады. О. адам- 

ның сыртқы дүниемен қарым-қатынас 

жасау процесінде туындап отырады. 

Адам  ойлауының  мазмұнын  билей- 

тін  –  объективтік  шындық.  Адамға 

мақсат  қойып,  оған  жетуге  ұмтыл- 

дыратын – оның қажеттіліктері. О. – 

өзіндік  ішкі  қарама-қайшылықтарға 

толы процесс. Бұл қайшылықтар ой- 

лау  дамуының  және  іске  асуының 

қозғаушы күштері болып табылады, 

яғни  ойлау  осы  қарама-қайшылық- 

тарды, басқаша айтқанда, проблема- 

лық  жағдаяттарды  шешу  барысын-

да  өрбиді.  О.  танымдық  теориялық 

іс-әрекет  ретінде  әрекетпен  тығыз 

байланысты.  Адам  әсер  ету  арқылы 

ақиқатты  таниды,  дүниені  өзгерту 

арқылы  оны  түсінеді.  Әрекет  ойлау 

жүзеге асуының бірінші ретті форма- 

сы болып табылады. О. операцияла- 

рының барлығы (салыстыру, анализ, 

синтез, жалпылау; абстракция; нақты- 

лау, категоризациялау, жүйелеуді қа- 

раңыз)  ең  алғашында  практикалық 

операциялар  түрінде  пайда  болып, 

содан  соң  барып,  теориялық  ойлау- 

дың операцияларына айналды. Яғни 

ойлау  еңбек  іс-әрекеті  барысында 

практикалық операция ретінде неме- 

се практикалық іс-әрекеттің бір ком-

поненті ретінде туындап, содан кейін 

барып, дербес теориялық іс-әрекетке 

айналады. Бірақ тәжірибе әрқашан да 

ойлау  ақиқаттығының  негізі,  мәнді 

критериі болып табылады.

Бірақ егер де біз бір есепті тек прак- 

тикалық түрде ғана шешетін болсақ, 

онда оның тек көрнекі жеке мазмұны- 

мен  әрекет  жасап,  оны  тек  берілген 

жеке  жағдаятты  ескере  отырып  ше-

шеміз.  Ал  әрбір  келесі  жағдайларда 

қайтадан  есепті  шешуге  тура  келе- 

ді  және  тағы  да  бұл  жеке  міндетті 

ғана шешу болып табылады. Ал егер 

берілген  есептің  жалпыланған  маз- 

мұнын  құрастырып,  оны  шешудің 

жалпыланған тәсілін табатын болсақ, 

бұл есеп өзінің тек белгілі бір жағдай- 

ға сәйкес болатын, практикалық – ше- 

шімін ғана емес, сонымен қатар, тео- 

риялық  та,  яғни  принциптік  біртек-

ті  жағдайлардың  барлығына  ортақ 

шешімін таба алады.

Іс-әрекетпен байланыса отырып, тео- 

риялық  ойлаудың  өзі  жекеден  жал- 

пыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан 

мәнге, мәннен құбылысқа өту процесі 

болып  табылады.  Шынайы  ойлау  – 

ол ойдың ағымы. Ол тек іс-әрекет пен 

оның  өнімнің  бірлігі  негізінде  түсі- 

ніледі. О. – аса күрделі психикалық 

процесс.  Оны  зерттеумен  бірнеше 

ғылымдар  айналысады.  Солардың 

ішінде  логика  мен  психологияның 

орны ерекше.  Бірақ  осы  екі  ғылым- 

ның ойды зерттеудегі әдіс-тісілдерін- 

де  өзіндік  айырмашылықтары  бар. 

Мыс.  егер  психология  әртүрлі  жас 

шамасындағы адам ойлауының пай- 

да болуы, дамуы мен қалыптасу жо-

лына,  яғни  тұлға  ойлауының  даму 

ерекшеліктері  мен  заңдылықтарын 

қарастыратын  болса,  ал  логика  бү- 

кіл  адамзатқа  ортақ  ойлау  іс-әреке- 

тінің  заңдары  мен  формаларын  ай- 

қындайды,  адам  ойлауының  нақты 

нәтижесі болып табылатын ұғым, пі- 

кір,  ой  қорытындылары  сияқты  ой- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет