389
Сондай-ақ физиогномистер адам-
ның бет пішінін жануарлармен салыс-
тыра отырып, мінезін анықтауға әре-
кет жасаған.
Мінездің негізгі көрсеткіші болып
табылатыны – адамның көзі. Аме-
рика психологтары Дж.Глайв және
Э.Клери 10 мыңнан астам баланың
мінез бітісін 5 жыл зерттегеннен ке-
йін, қара көзді балалар ашық түсті
балаларға қарағанда өміршең, бел-
сенді және орнықсыз мінезімен ерек-
шеленеді, қара көк көзді адамдар
табанды, берік, бірак нәзіктікке бе-
йім келеді, олар көңіл күйге тез бері-
леді, көңілге алғанды ұзақ сақтайды,
мінезі өте шатақ келеді. Қоңыр көк
көзді адамдар бірбеткей және батыл,
табанды, өзінің айтқанын істетеді,
тез іс-әрекетке енеді, қызғаншақ ке-
леді. Қой көзділер көңілді, ақылды,
ашулы, бірақ ашуы тез қайтады.
Тілтапқыш, әзіл-оспақты жақсы кө-
реді, адамдармен тез жақындаса бі-
леді. Ашық қой көзді адамдар ұял-
шақ, өзімен-өзі жүргенді жақсы кө-
реді, арманшыл, көңіліне алғанды
басынан ауыр кешіреді. Еңбексүй-
гіш, оларға арқа сүйеуге болады. Олар-
да сенім мол. Көк көздер романти-
каға бейім келеді, сонымен қатар
өзімшіл және өз пікірінде болатындар.
Олардың жағымды жағы – әділдігі.
Жасыл және қоңыр-жасыл көздер
көп жағдайда ерік-қайраты күшті,
шешімге келе білетін, өз мақсатын бе-
рік орындайтын адамдардың міне-
зі. Олар өте қатал және сөйлемейтін
болып келеді.
Физиогномикамен салыстырғанда
мінез туралы өте құнды ілімнің бі-
рі – графология ғылымын атауға бо-
лады. Адамның мінезін жазуына
қарап анықтайтын ғылымның сала-
сын графология деп атайды.
Ғасырлар бойы жинақталған гра-
фологиялық мәліметтер екі жақты
байланысты (жазу ерекшеліктері
мен мінезді) анықтады. Жазу кәсі-
би өнер – каллиграфия болған уа-
қытта жазудың, автордың тек тех-
никамен, икемділіктермен және қабі-
леттіліктермен байланысы емес, со-
нымен қатар рухани және адамгер-
шілік келбетімен байланысты бол-
ғаны белгілі. Қазіргі адамның жазуы
мен мінез бітісінің арасындағы бай-
ланыс ғылыми тұрғыдан негізсіз,
дәлелденілмеді.
Ал жазудың кейбір өзіндік ерекше-
ліктерін зерттеуде психикалық ау-
рулардың диагностикасын анықтау
үшін пайдалануға болады. Шизо-
френиямен ауырған адамдардың жа-
зуында өзіндік ерекшеліктері байқа-
лады.
Достарыңызбен бөлісу: