Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет563/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ОҚУ 

ОҚУ


404

арқылы оқушы шындықтағы заттар- 

дың  байланыс-қатынастарын  меңге- 

реді, бір затты екіншісімен салысты- 

рып, дәлелдей алуға, олардың айыр- 

машылық, ұқсастықтарын айыра бі- 

луге үйренеді, мұндағы себеп пен нә- 

тиженің,  яғни  заттардың  себеп-сал- 

дарлық заңды байланысын түсінетін 

болады. Мәселен, жас баланың өзі де 

«от жақса, түтін шығады» дегенде, от- 

тың  жануы  –  түтіннің  шығуына  се- 

беп болып тұрғанын аңғарады. Ұғы- 

ну дегеніміздің өзі де нәрседе себеп-

пен  қатар  нәтиже  болатындығына 

шәкірттің  көзінің  жетуі,  соған  жете 

түсінуі.  Оқу  материалдарының  мә- 

нісіне  тереңдеп  бара  алмай,  оларды 

жай жаттап алу, өз бетінше пікір ай- 

туға шорқақтық оқушыда талдау (ана-

лиз), жинақтау (синтез) тәсілдерінің 

әлде де оншама дамымағанын көрсе- 

теді. Мұғалім шәкірт ойлануындағы 

талдау  тәсілінің  қалыптасуына  жет-

кіліксіз көңіл бөлетін болса, ондайда 

оқушы материалдың бір-бірімен бай- 

ланысының жеке жақтарын ғана мең- 

гереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ере-

кшелігін жете түсінбей қалады. Сон-

дай-ак, мұғалім сабақ беруде жинақ- 

тау тәсілін ойдағыдай пайдалана ал- 

маса, онда берілетін мағлұмат бұрын- 

ғы материалмен дұрыс байланыспай 

қалады,  бұл  берілген  мағлұматтың 

практикалық мәнінің төмендеуіне әке- 

ліп  соғады.  Кейбір  мұғалімдер  оқу- 

шыда белсенді ойлау процесін дамы- 

тудың орнына олардың ес, жаттау қа- 

білетін өсіруге ғана ерекше мән бере- 

ді. Әрине, бұдан баланың есін дамы- 

ту онша мәнді нәрсе емес деген қо- 

рытыңды  шықпайды.  Шәкіртке  ой- 

латтырып, әр нәрсені бір-бірімен са- 

лыстырғызып, талдатып-жинақтатып, 

дәлелдеткізіп  үйретсе  ғана  олардың 

танымы  мазмұнды  болады.  Ал  ма-

териалды  сол  күйінше  жаттап  алу, 

оның ішкі мәніне бара бермеу, бала- 

да  жаттампаздық,  яғни  оны  құрғақ 

жаттап алуға әуес болуға жетелейді.

Орыс психологі П.Я.Гальперин (1902-

1988) өзінің «Ақыл-ой әрекетін жос-

пармен, сатылап қалыптастыру» дей-

тін тұжырымдамасында оқушы қан- 

дай да болмасын бір мәселені шешу 

үшін  алдымен  сыртқы  материалдық 

әрекеттерді  (яғни  затты  ұстап  көру, 

оның тұрқын, көлемін ажырату, шама-

сын білу, т.б.) пайдаланады да, кейін-

нен оның бейнесін миында елестетеді, 

содан соң барып дауыстап, кейін іш- 

тей айта алатын болады, сөйтіп сырт- 

қы  заттық  іс-әрекет  (экстериориза- 

ция) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (ин- 

териоризация) айналады дейді. Ақыл-

ой  әрекетінің  қалыптасуының  әркез 

еңінде екі бөлім: бағдарлау мен орын-

дау  болады.  Бағдарлау  –  оқытудың 

қалай  жүргізілетіндігіне  байлалыс- 

ты. Шәкірт өзіне берілген оқу мате- 

риалын  ұғынуда  бұрыннан  өзі  біле- 

тін жалпы ережелерді, негізгі заңдар- 

ды  пайдаланса,  онда  бағдарлау  ана- 

ғұрлым  өнімді  болады.  Бағдарлау  – 

шешілуге  тиісті  нақты  мәселенің 

шарттары мен мәліметтерін саралау, 

құбылыстың негізгі және мәнді бел-

гілерін ажыратуға ұмтылу. Ал орын- 

дау  бөлімінде  шәкірт  амалдың  ірік-

телген ережелері мен әдістерін, нақты 

бір  мәселені  шешуге  пайдаланады. 

Ақыл-ой әрекетінің негізгі көрсеткі- 

ші оның бірінші бөлігі, өйткені мұн- 

да  мәселенің  тұрпатын  танып  білу, 

оны шешу, қажетті әдістерді таңдап 

алу жағдайлары қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет