406
шыны дұрыс ойлай білуге баулу. Бұл
жерде материалға сай дұрыс сұрақ
қоя білудің де маңызы зор. Ойлауда
қарама-қайшылықтық пайда болуы –
проблеманың тууына жағдай жасай-
ды, затты не құбылысты дербес алып
қарауға мумкіндік береді. Ойлауда
диалектикалық қайшылықтың болуы
оқушының өз бетінше жұмыс істеуі-
не түрткі болып, содан барып мәселе-
ні шешуді керек ететін проблема туа-
ды. Сөйтіп білетін мен білмейтіннің
арасында қайшылықтар туындайды
да, сол мезетте дайын тәсіл болма-
ғандықтан, өзекті мәселе туындай-
ды, сөйтіп оқушының ізденімпаздық
әрекеті мен ынтасы арта түседі. Мә-
селен, поляк педагогі В. Оконь (1914)
«2+5 х 3=21; 2 + 5x3 = 17, секілді есеп-
тер беріп, оқушыларға проблемалық
жағдай тудырған. Осы есепті шыға-
ру үшін жақшалар керек екені оқушы-
ның ойына келеді; яғни ол (2 + 5) х 3
= 21; 2 + (5x3) = 17 деп таңбалайтын
болады. Шәкіртке берілетін барлық
білімді, сабақ біткенді осы жолмен
іске асыруға болмайды. Өйткені кей-
бір тақырыптар мұндай әдісті керек
етпейді. Сондықтан түгелдей осы
әдіске жүгінбей, оқытудың басқа да
амал-тәсілдерін қолдану қажет.
Сонымен бірге мұғалім шәкірт ойла-
уындағы дара айырмашылықтарды
да, яғни олардың ой тәсілдерінің (тал-
дау, жинақтау, салыстыру, жалпылау,
жүйелеу, т.б.) түрліше болатындығын
да есте ұстауы тиіс.
Білім жүйелерін меңгеру – күрделі ой
жұмысының нәтижесі. Бұл ойлау тә-
сілдері мен формалары (ұғым, пікір,
ой қорытындылары) арқылы жүзеге
асады. Адам ойының бастапқы фор-
масы – ұғым. Бұл айналадағы зат-
тардың мәнді, негізгі белгілері тура-
лы қарапайым ой. Шәкірттердің оқу
үстінде меңгеретін ұғымдарының қа-
лыптасу жолы бірнеше басқыштар-
дан өтеді. Алғашында бала меңгере-
тін ұғымдардың аумағы тар, мазмұ-
ны да кеңейіп тереңдейді. Ұғымдар-
ды меңгеру сөз арқылы іске асады.
Сөз – ұғымның материалдық қабығы.
Ұғым бір сөзбен де, бірнеше сөзбен де
беріледі, оның нақты не абстракті-
лі жалаң, не күрделі екендігі тек кон-
тексте ғана айқындалады. Шәкірт-
тердің танымдық ұғымдарын берік
қалыптастырмайынша, оларға жүйелі
білім беру қиынға соғады.
Осылайша ойлау тәсілдерін тиімді
пайдаланудан шәкірттер өздері ұғы-
нуға тиісті заттар мен фактілерді са-
ралап, салыстырып, жекелеген құ-
былыстардың не себептен туындай-
тынын, яғни оның шығу төркінін, се-
бебін іздестіретін болады, оқушы мұ-
ғалім сұрағына тек жауап беріп қана
қоймай, оған өздері де сұрақ қойып,
мәселені өз бетінше шеше білуге ма-
шықтанады.
Еліміздің озат, жаңашыл ұстаздары
өз тәжірибелерінде методика, педа-
гогика, психология ғылымдарының
соңғы жетістіктерін тиімді пайдалану
арқылы сабақ процесінің нәтижелі-
лігін жетілдіре түсуде. Олар бәрінен
бұрын сабақтың құрылымына ерек-
ше көңіл бөліп жүр.
Атап айтқанда, бұл біріншіден – ұс-
таздың сабақты терең және жан-жақ-
ты түсіндіруі, екіншіден – оқу мате-
риалын тірек плакаттарына орайлас-
тыра қысқаша баяндай білу. Осының
арқасында шәкірт тірек белгілері бар
беттердің (тірек плакаттарының ша-
ғын көшірмесі) мәнісін ұғынады, олар-
ды альбомдарына желімдеп жапсыра-
Достарыңызбен бөлісу: