Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ОҚУ  МЕН  ОҚЫТУ  ПСИХОЛО-



Pdf көрінісі
бет562/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ОҚУ  МЕН  ОҚЫТУ  ПСИХОЛО

ГИЯСЫ. Оқыту – шәкірт пен ұстаз- 

дың  өзара  бірлесіп,  ынтымақтасып 

жасайтын  ортақ  іс-әрекеті.  Оқыту  – 

мұғалімнің  тәлім-тәрбие  берудегі 

басты әрекеті болса, оқу – шәкірттің 

дүниені  танып-білуге  бағытталған 

өзіндік әрекеті. Қысқаша айтсақ, оқу 

еңбек  әрекетін  орындауға  қажетті 

білім,  дағды  икемділіктер  жүйесін 

игеру процесі.

Сөйтіп, оқу мен оқыту, бір металдың 

екі  жағындай  бір-бірімен  тығыз 

байланысқан күрделі әрекет. Оқу да, 

оқыту  да  қалай  болса  солай  жүргі- 

зілмейді,  олар  белгілі  мақсат  көз- 

деп  жоспармен  жүйелі  түрде  ұйым- 

дастырылып, жүзеге асады, олардың 

өзіне тән әдістері (тіпті әр пәнді оқып- 

үйренудің  жеке-дара  әдіс-тәсілдері 

болады)  әдістері  мен  сабақ  жүргізу 

формалары,  сондай-ақ,  әр  түрлі  нә- 

тижелері болады. Оқу арқылы шәкірт 

біртіндеп білім, дағды, икемділіктер- 

ді,  тиісті  ғылыми  ұғымдарды  мең- 

гереді, мұның нәтижесінде оның жан 

қуаттары  (ес,  ойлау,  қиял,  т.б.)  эмо-

ция,  ерік-жігер  процестері  дами  тү- 

седі. Оқыту процесінің әртүрлі қыр- 

ларын  педагогиканың  дидактика, 

сондай-ақ жекелеген пән методикала-

ры қарастырады. Дидактиканың осы 

мәселеде  зерттеуге  орай  ерекше  сү- 

йенетін тірек ғылымы – психология. 

Соңғысының басты саласының бірі – 

оқыту психологиясы, ол оқу процесі- 

нің екінші жағын, яғни шәкірттердің 

оқу  мазмұндарың  ұғынып,  әр  түрлі 

тапсырмаларды қалайша орындай алу 

мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің 

оқуға талпынысы мен ынтасының қа- 

лыптасу жолдарын, оның түрлі білім, 

дағды,  әдеттерді  қалайша  меңгеріп 

отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы 

материалды  ұғыну  ерекшелігін  т.б. 

осы іспеттес мәселелерді қарастыру – 

оқыту психологиясының зерттеу объ-

ектісі.

Оқу материалдары адам психология- 

сына зор талап қоятыны белгілі. Өйт- 

кені  шындықтағы  құбылыстардың 

сыр  сипатын,  мән-жайын  ұғыну  – 

өте күрделі әрекет. Мұның өзі бірне- 

ше кезеңдердең тұратыны қазірде ғы- 

лымға белгілі болды. Мәселен, сабақ- 

та – материалды ұғынудың алғашқы 

кезеніңде (таныстыру кезеңі) шәкірт 

нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы 

мағлұмат алады. Бұдан кейінгі кезең- 

де ол мұны тәжірибеде байқап көреді. 

Үшінші  кезеңде  ұғынғанын  сөзбен 

тұжырымдайды.  Төртінші  кезеңде 

оларын ойына ұстап тұрады да, бесін-

ші кезеңде шәкіртте зат пен құбылыс 

туралы  белгілі  ұғым  қалыптасатын 

болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   558   559   560   561   562   563   564   565   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет