өзІН-өзІ БЕЛСЕНДІЛЕНДІРУ –
адамда бар нышандар мен қабілет-
тіліктерді іс жүзінде барынша қолда-
ну нәтижесі және үрдісі және тұлға-
ның өзін-өзі үнемі дамытуға ұмты-
лысы. Өзінің әлеуметтік мүмкіндік-
терін үнемі неғұрлым толық ашып
дамытуға ұмтылушылық тән тұлға.
Мұндай тұлғалар шығармашылыққа,
толыққанды қарым-қатынас жасауға,
өз ойыңдағысын орындауға қабілет-
ті. Өзін-өзі белсенділендіретін тұлға
ізгілікті, тұлғалық бағдарлы тәрбие
жүйесінде қалыптасады. Өзін-өзі бел-
сенділендіру теориясы – тұлғаның
өзін жетілдіруге қажетті және адам-
ның тұлға ретінде қалыптасуына
оның өзін белсенділендіруге талпы-
нуы қажет деп анықтаған тұлға пси-
хологиясының гуманистік теориясы.
Достарыңызбен бөлісу: |