430
дың «Өтіріктің балын жалап тірі
жүргенше, уын ішіп өлген артық» дей-
тін аталы сөзін әркез есте сақтайтын
болайық.
өШПЕНДІЛІК – адамның жағым-
сыз мінез бітістерінің бірі. Ө. – тап
тартысы бар жерде, бір-бірімен көз-
қарасы еш уақытта үйлеспейтін кез-
де кейбіреулерде кездесетін жиір-
кенішті қасиет. Мұндай мінезі бар
адамдар көбінде өліспей беріспейді,
яғни бірін-бірі өлтіруге дейін бара-
ды. Халқымыз өз ұрпағын ғасырлар
бойы қайырымдылыкқа, гуманистік-
ке, ізгілікке тәрбиелеп келген. Асан
қайғы жырау сонау ерте заманның
өзінде-ақ: «Ердің құны болса да, алды-
ңа келіп қалған соң, қол қусырып бар-
ған соң, аса кеш те қоя бер, бұрынғы-
ны қуыспа», – деп жастарды бір-бірі-
мен өшікпеуге шақырған. Халқымыз
да, бір-біріне өшіккен жандарға «Тас-
пен ұрғанды аспен ұр» деп ақыл-ке-
ңес бергені хақ. Жас өскіннің есінен
бұл айтылғандар әркез шықпауы ке-
рек. Ө.-басқа адамдарға өшпенділік-
пен қатынас жасауға құқықтымын деп,
орын алатын негізсіз адамның нұс-
қаулы психологиялық күйі.
Достарыңызбен бөлісу: