433
білдіретін әдептік ұғым. П.-дың әр
заманда, әр дәуірде тарихи-қоғамдық
жағдайға орай анықталып түрленеді
және толықтырылады. П. адамның
бейімділігі мен белсенділігіне, сезім-
талдығы мен естілігіне байланысты.
Сондықтан оны адам болмысы мен
мүддесінен, туған ел тұрмысы мен
туған жер қажетінен бөліп қарауға
болмайды. П. дүниетанымдық бағ-
дармен ұласып, астарласып жатады.
Өйткені, П. өмірдің қажеттілігін рас-
тау, құндылығын көбейту ынтасынан
туындайды, адамның қоғамдық бол-
мыстағы орнын жалғастыру қажетін
қуаттайды.
Парыз: 1) адам мен қоғам арасында-
ғы қарым-қатынастың ұрпақтық мән-
жайын іріктейді; 2) адамның адамға
қамқорлығын, жағымды әдеп пен адал
еңбек ету үлгісін сақтайды, жастар-
дың үлкендер мен Отан алдындағы
перзенттік қарызын, азаматтық мін-
детін тиянақты орындауға жұмыл-
дырады; 3)адамның жақсы қасиетін
орнықтыруға ұлтаралық қатынастың
тиімді түрлеріне қызмет еткізеді.
ПАРЫҚСЫзДЫҚ – жеке тұлғаның
әр түрлі өмір құбылыстарын бағ-
дарлай алу белгісі. Парықсыздық
ақылсыздықтан пайда болады. Әр
нәрсенің (заттың. құбылысының, іс-
әрекеттің) парқын білу – адамның
жауапты міндеті. Өмір құбылыста-
рын парықтай білуге жас ұрпақты
үйрету – ата-ананын, айналасының
міндеті. Парықсыздық – бір объекті-
ге оң немесе теріс эмоционалдық реак-
циялардың, адамның қызығушылы-
ғының жоқтығын сипаттайтын нем-
құрайдылығы.
Достарыңызбен бөлісу: